Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының басшысы Михаил Мясникович ЕАДБ Басқармасының төрағасы Андрей Бельяниновпен кездесу өткізді

ЕЭК Алқасының басшысы Михаил Мясникович ЕАДБ Басқармасының төрағасы Андрей Бельяниновпен кездесу өткізді

10.02.2020

10 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Еуразиялық даму банкі Басқармасының төрағасы Андрей Бельяниновпен кездесу өткізді.

Тараптар интеграцияны тереңдетудің өзекті мәселелерін және алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Кездесу барысында ЕЭК пен ЕАДБ-ның өзара іс-қимылын нығайту туралы, сондай-ақ жобаларды нақты секторда және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің инфрақұрылымдық платформалары шеңберінде іске асыру механизмдерін жетілдіру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Одақ мемлекеттерінің экономикаларын дамытуда күш-жігерді алдын ала шоғырландыру тәсілдемелері келісілді.​