Жүйеге кіру
Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және ЕАЭО тауарларының шыққан жерінің атаулары туралы шарттың жобасы зияткерлік меншік объектілерінің Одақ елдерінде бәрін қамтитын құқықтық қорғалуына септігін тигізеді.

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және ЕАЭО тауарларының шыққан жерінің атаулары туралы шарттың жобасы зияткерлік меншік объектілерінің Одақ елдерінде бәрін қамтитын құқықтық қорғалуына септігін тигізеді.

10.03.2016

ЕЭК Алқасының отырысында 9 наурызда ЕЭК Кеңесінің «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және Еуразиялық экономикалық одағы тауарларының шыққан жерінің атаулары туралы шарттың жобасы туралы» өкім жобасы мақұлданды.

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) тауарларының шыққан жерінің атауларыы туралы шарттың жобасы тіркеу, құқықтық қорғалу және Еуразиялық экономикалық одағы тауар таңбаларын және Одақ тауарының шыққан жерінің атауларын қолдануға қатысты қарым-қатынастарды реттейді.

Шарттың жобасында:

- «Одақтың тауар таңбасын» және «Одақ тауарының шыққан жерінің атауын» енгізу (Одақтың тауар таңбасы барлық мүше мемлекеттер аумағында бір уақытта қорғалатын белгі және бір жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың тауарларын өзге тұлғалардың тауарларынан ажыратуға мүмкіндік береді);

- Одақтың тауар таңбасына бір тапсырысты (Одақтың ТШЖА тапсырысы) мүше мемлекеттердің патентті ведомствосына беру;

- Одақ аумағында бірыңғай қорғалу құжатын алу;

- өтініш білдірушінің тек бір ведомствомен өзара іс-қимылы («бір терезе» принципі);

- Одақтың ресми сайтында жарияланатын Одақтың тауар таңбасының бірыңғай тізімін және Одақтың ТШЖА бірыңғай тізімін жүргізу;

- Одақтың тауар таңбасының және Одақтың ТШЖА тіркеу кезінде Шартта қарастырылған, маңызды заңды іс-қимылдарды, сондай-ақ баж салығы мөлшерлемесін Комиссия кеңесімен бекіту қарастырылған.

Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы және ЕАЭО тауарлары шыққан жерінің атауы туралы шарттың жобасы тауар таңбасы, тауарлардың шыққан жерінің атауын тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, сондай-ақ бизнестің шығынын қысқартуға септігін тигізеді. Бәрін қамтитын зияткерлік меншік объектілерінің құқықтық қорғалуы барлық мүше мемлекеттердің аумағында әрекет ететін бірыңғай қорғалу құжатын алу нәтижесінде инновациялық, экономиканың ғылымды қажетсінетін салаларына инвестиция тартуға, сондай-ақ ЕАЭО елдеріне инновациялық технологияларды енгізуге септігін тигізеді. Бұл жаңа кәсіпорындардың ашылуына және Одақ елдерінің экономикаларын жетілдіруге, оның шикізат бағытынан инновациялыққа бағдарлануына септігін тигізеді. 

Анықтама

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және ЕАЭО тауарлары шыққан жерінің атаулары туралы шарттың жобасы Зияткерлік меншік объектілері құқығын қорғау және сақтау туралы Хаттаманы (ЕАЭО туралы шарттың № 26-қосымшасы) жүзеге асыру мақсатында әзірленді.