Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО елдері азаматтарының мүше мемлекеттердің шекараларынан өту, оның ішінде ішкі құжаттармен өту мүмкіндігін қарастыратын халықаралық келісімді әзірлеуге бастама білдірді.

ЕЭК ЕАЭО елдері азаматтарының мүше мемлекеттердің шекараларынан өту, оның ішінде ішкі құжаттармен өту мүмкіндігін қарастыратын халықаралық келісімді әзірлеуге бастама білдірді.

10.03.2016

4 наурызда Чолпан-Ата қ. (Қырғыз Республикасы) Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен ЕЭК Алқасы жанындағы көші-қон саясаты жөніндегі консультативтік комитеттің төртінші отырысы өтті. Онда Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) азаматтарының Тараптардың елдері аумағына кіру, шығу және онда болу мәселелері талқыланды.

Іс-шараға Консультативтік комитеттің Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан мүшелері, Көші-қон бойынша халықаралық ұйымның, Жалпыға ортақ кәсіподақ конфедерациясы, «Еңбек көші-қоны» халықаралық альянсы коммерциялық емес серіктестігі, «Орталық Азия қозғалыста» азаматтық серіктес тұғырнамасы және т.б. қатысты.

Отырыс барысында, атап айтқанда, мүше мемлекеттер аумағына егер Одақ азаматтарының болу мерзімі 30 тәуліктен аспаса, шетелдік төлқұжатпен көші-қон картасын толтырусыз кіру туралы мәселе қаралды. Бұл ереже 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартта белгіленген.

Бұдан басқа, Консультативтік комитеттің мүшелері мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына азаматтардың көші-қон картасындағы бастапқы кіру мақсатын мемлекеттің аумағынан шықпаусыз өзгерту (мысалы, «жеке» кіру мақсатын «жұмыс» кіру мақсатына өзгерту) бойынша Қазақстан Республикасының тәжірибесін зерттеуге кеңес берді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының келесі аспектілер бойынша тәжірибесін зерттеу. Егер бір мүше мемлекеттің азаматы Қазақстан Республикасына шетелдік төлқұжат бойынша 30 тәулікке келген болса, ЕАЭО туралы шартқа сәйкес ол көші-қон картасын алмайды және тіркеуге жатқызылмайды. Егер ол кейінірек елде ұзақ мерзімге кідіруді шешсе, оған Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстаннан сыртқа шықпай, ішкі істер органында көші-қон картасын алуға және көші-қон тіркеуіне тұруға құқық берілген. Одақтың басқа елдерінде бұндай тәжірибе жоқ.

Отырыста мүше мемлекеттердің шекарасынан лектерге бөлу жолымен, мүше мемлекеттердің азаматтары үшін және үшінші елдерден келген азаматтар үшін «ЕАЭО мүше мемлекеттерінің азаматтары үшін» ақпараттық таблосы арқылы жеке өткізу пунктілерінің жабдықтары көмегімен басымды кесіп өтуді қамтамасыз ету мүмкіндігі талқыланды. Комиссияға Алқаның тиісті ұсынымын дайындау тапсырылды. Ақпараттық таблоны енгізу ЕАЭО елдерінің ішкі шекараларында шекаралық бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Консультативтік комитеттің мүшелері мүше мемлекеттердің азаматтарының өзара келуі және реадмиссия тәртібі туралы екіжақты халықаралық келісімдерді Одақ елдерінің әзірлеуі мәселелерін қарастырды. Бұндай келісімдерді бекіту мүше мемлекеттердің Президенттерімен бекітілген Армения Республикасының және Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы бойынша «жол картасының» тармақтарында қарастырылған. Азаматтардың келу тәртібі туралы екіжақты келісімдер азаматтардың тіркелусіз кірген күннен бастап 30 тәулік ішіндегі болу уақытын регламенттейді. Мүше мемлекеттерге осы бағыттағы жұмысты жандандыруға кеңес берілді.

Сондай-ақ, отырыс қатысушылары кіру, шығу, транзитпен бару, мүше мемлекеттердің азаматтарының болуы мен қозғалыс тәртібін регламенттейтін халықаралық келісімді талқылады. Консультативтік комитеттің өкілдері ЕАЭО елдері азаматтарының мүше мемлекеттердің шекараларынан өту, оның ішінде ішкі құжаттармен өту мүмкіндігін қарастыратын халықаралық келісімді әзірлеу бойынша Комиссияның бастамасын қолдады. Қазіргі уақытта, мысалы, Қазақстан Республикасы азаматтары Беларусь Республикасына тек Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатымен ғана кіре алады, ал Ресей Федерациясының азаматтары Армения Республикасына ішкі төлқұжат бойынша кіре алмайды.

Анықтама

Көші-қон саясаты жөніндегі консультативтік комитеті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 30 тамыздағы № 154 шешіміне сәйкес құрылды.

Комитет ЕЭК-тің көші-қон саясаты саласындағы келісілген саясатты жүргізу мәселелері бойынша консультативтік органы болып табылады. Ол мүше мемлекеттердің еңбек көші-қоны саласындағы заңдарын үндестіру және біріздендіру бойынша, ортақ еңбек нарығын құру бойынша, Еуразиялық экономикалық одағы ішінде мүше мемлекеттердің азаматтарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлейді.