Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО елдері азаматтарының әлеуметтік қорғалуы деңгейін көтеру үшін жұмыс істеуде.

ЕЭК ЕАЭО елдері азаматтарының әлеуметтік қорғалуы деңгейін көтеру үшін жұмыс істеуде.

10.03.2016

3 наурызда Қырғыз Республикасының Чолпан-Ата қ. Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттері жұмыскерлерінің әлеуметтік қаматамасыз ету, зейнеткерлік құқықты бұзбау, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі Консультативтік комитеттің екінші отырысы өтті.

Тимур Сүлейменов отырысты аша отыра, Консультативтік комитеттің шеңберінде жүргізілетін Еуразиялық экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше мемлекеттері азаматтарының әлеуметтік қорғалу деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстың шүбәсіз маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға Консультативтік комитеттің Одақ елдерінен мүшелері, халықаралық ұйымдардың өкілдері – Жалпыға ортақ кәсіподақ конфедерациясы, «Еңбек көші-қоны» халықаралық альянсы коммерциялық емес серіктестігі және т.б. қатысты.

Консультативтік комитеттің жауапты хатшысы, ЕЭК кәсіпкерлік қызметті дамыту департаметі директорының орынбасары Самат Әлиев қазіргі уақытта мемлекетішілік келісу рәсімдерін өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттері жұмыскерлерін зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы шарттың жобасы, сондай-ақ Уәкілетті және құзыретті органдар арасында аталған жобаны қолдану бойынша өзара іс-қимыл тәртібі туралы хаттама жобасы туралы айтты.

Консультативтік комитеттің мүшелері ЕАЭО елдерінде мүше мемлекеттердің жұмыскерлеріне міндетті медициналық сақтандыру (ММС) жүйесінің шеңберінде медициналық көмек көрсету туралы мәселелерді талқылады. Медициналық көмек көрсету ерекшеліктеріне қатысты пайда болатын проблемалық мәселелерді шешу үшін ЕАЭО елдерінің денсаулық сақтау министрліктері өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.

Бұдан басқа, Ресей Федерациясының Әлеуметтік сақтандыру фонды «Еуразиялық экономикалық одағы мемлекеттеріндегі әлеуметтік сақтандыру. Тәжірибе, проблемалар, келешек» атты халықаралық конференцияны өкізу бастамасымен сөз сөйледі. Консультативтік комитеттің мүшелері осы ұсынысты қолдады және конференцияны 2016 жылы мамырда өкізуді шешті. Іс-шараға мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, әлеуметтік фондтардың және серіктестердің, сақтандыру компаниялары және өзге ұйымдардың өкілдерінің қатысуы жоспарланып отыр.

Консультативтік комитеттің отырысында қарастырылған тағы бір тақырып — қызметке тұру кезінде білім туралы құжаттарды тану туралы мәселе болды. Комиссияға мүше мемлекеттердің білімі туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тікелей танудан бас тарту жағдайлары туралы заңды тұлғалардың жүгінуі келіп түсуде. Осыған орай, Консультативтік комитеттің мүшелері осы саланы реттейтін ЕАЭО туралы шарттың нормаларынан жалтарудың мүмкін еместігін атап айтты.

Сондай-ақ, Комитеттің отырысында шетел азаматтары Ресей Федерациясында спорт саласында еңбек еткен кезде, оларға қатысты белгіленген шектеулер туралы (Спорттағы легионерлер туралы заң) мәселелер талқыланды. Консультативтік комитеттің мүшелері Ресей Федерациясы өкілдеріне Ресейдің спорт саласындағы еңбек іс-қимылын жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің азаматтарына ұлттық режімді беру үшін РФ Спорт министрлігінің тиісті бұйрықтарына өзгерістер енгізу мүмкіншілігін қарастыруға кеңес берді.

Сондай-ақ, консультативтік комитеттің мүшелері ЕАЭО елдерінің еңбек заңдарын үндестіру мақсатында, Жалпыға ортақ кәсіподақ конфедерациясы ұсынған, мүше мемлекеттердің еңбек заңдарының негізгі қағидаларын әзірлеу принциптерін талқылады. 

Анықтама

Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттері жұмыскерлерінің әлеуметтік қаматамасыз ету, зейнеткерлік құқықты бұзбау, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі Консультативтік комитеті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 36 шешіміне сәйкес құрылды.

Комитет ЕЭК-тің әлеуметтік қаматамасыз ету, зейнеткерлік құқықты бұзбау, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметі саласындағы келісілген саясатты жүргізу мәселелері бойынша консультативтік органы болып табылады. Саясат Одақ аумағында мүше мемлекеттердің жұмыскерлерінің еңбек қызметін жүзеге асырудың тең шарттарын қалыптастыруға, Комиссияға осы салада уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды қолдану мәселелері бойынша ұсынымдарды дайындауға бағытталған.