Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысы болып өтті

Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысы болып өтті

10.04.2013
9 сәуір күні Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының кезекті отырысында ықпалдастық және макроэкономика, экономика және қаржы саясаты, сауда, кедендік ынтымақтастық, техникалық реттеу салаларында шешімдер қабылданды.
ЕЭК Алқасы 2012 жылдың 15 маусымындағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Белоруссия-Қазақстан-Ресей Бизнес-диалогы арасындағы өзара ықпалдастық туралы Меморандумды және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 4 желтоқсандағы тиісті шешімін іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия мен Белоруссия-Қазақстан-Ресей бизнес-қоғамдастығы арасындағы өзара ықпалдастық бойынша Консультативтік комитет туралы Ережені қабылдады. Ол Ережеде Консультативтік комитеттің құрылу мақсаттары, құқықтық негізі және қызметінің бағыттары, құрамдық құрылымы, оның жұмысын қамтамасыз ету бойынша ЕЭК құрылымдық бөлімшелерінің қызметтері және тағы басқалары белгіленіп отыр. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Белоруссия-Қазақстан-Ресей бизнес-қоғамдастығы мен арасындағы өзара ықпалдастық бойынша Консультативтік комитет Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын, сондай-ақ Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының іскер топтарының өкілдерімен форумдар ұйымдастырып, өткізуге қатысты мәселелерді қарауды жүзеге асырып отыратын, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің қызмет етуінің жүйелі әрі стратегиялық мәселелерін қарап отыратын, Белоруссия-Қазақстан-Ресей Бизнес-диалогы ұсынып отырған Белоруссия-Қазақстан-Ресей бизнес-қоғамдастығы мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы өзара ықпалдастықты қамтамасыз ететін орган болып табылады. Консультативтік комитеттің құрамына Комиссия Алқасының мүшелері мен бизнес-қоғамдастық өкілдері кіреді.
Консультативтік кеңес қызметін мына бағыттар бойынша жүзеге асырады:
а) ықпалдастықты дамыту және макроэкономика;
б) кәсіпкерлік қызметті дамыту;
в) қаржы нарықтары (банк саласы, сақтандыру саласы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы);
г) өнеркәсіп;
д) агроөнеркәсіп кешені;
е) сыртқы және ішкі сауда-саттық;
ж) техникалық реттеу;
з) санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар;
и) кедендік әкімшілендіру;
к) энергетика және табиғи монополиялар;
л) көлік және инфрақұрылым;
м) бәсекелестікті дамыту және монополияға қарсы реттеу;
н) зияткерлік қызметтің нәтижелерін және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді дараландыру құралдарын қорғау және сақтау.
Қаралған мәселелердің едәуір блогы техникалық реттеуге қатысты болып отыр. Бұл салада, ЕЭК Алқасы, атап айтқанда, Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) бойынша Бағдарламаларды, оны ерікті түрде қолданудың нәтижесінде Кеден одағының бірқатар техникалық регламенттерінің сақталуы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жасау, және де өнімдердің сәйкестілігіне (расталуына) бағалау жүргізілуіне қажетті ережелер мен әдістері бар соның ішінде аталған техникалық регламентті қолданып, оның талаптарын сақтау, сынамалар алу ережелері бар мемлекетаралық стандарттарды бекітті. Аталған Бағдарламалары бекітілген техникалық регламенттердің ішінде, «Жемістер мен көкөністерден алынатын шырын өнімдеріне арналған Техникалық регламент», «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Жарылыс қауіпті орталарда жұмыс жасау үшін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Лифттердің қауіпсіздігі», «Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы», «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттері бар.