Жүйеге кіру
Одақтың ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын ЕЭК ЕАЭО елдерінің үкіметтерімен және ұлттық (орталық) банктерімен бірлесіп әзірлеуде

Одақтың ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын ЕЭК ЕАЭО елдерінің үкіметтерімен және ұлттық (орталық) банктерімен бірлесіп әзірлеуде

10.04.2017

Алматыдағы (Қазақстан Республикасы) дөңгелек үстелде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің, қаржы-экономикалық блогындағы министрліктері мен ведомстволарының және Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын талқылады.

Тұжырымдаманы әзірлеу туралы шешімді ЕЭК Кеңесі қабылданған болатын. Жұмыс аяқталғаннан кейін тұжырымдама Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынылатын болады.

Құжат ЕАЭО туралы шартта қойылған, құқықтық негізді, мерзімдерді, оны қалыптастыруға ықпал ететін құралдарды қоса алғанда, ортақ қаржы нарығын құру саласындағы мақсаттарға қол жеткізу механизмдерін нақтылауы, ортақ қаржы нарығын құрудың негізгі бағыттарын кешенді түрде көрсетіп белгілеуді, сондай-ақ оның инфрақұрылымын дамыту контурларын айқындауы тиіс.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тараптар болашақ құжаттың құрылымын тұтастай алғанда келісті. ЕАЭО ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын дайындау бойынша жұмыстардың одан әрі барысын талқылау 26 сәуірде Ереванда (Армения Республикасы) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында өтеді.