Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты Министрі Тимур Сүлейменов «Дүниежүзілік Сауда Ұйымының құқығы: Еуропа-Азия аймағындағы мемлекеттердің құқықтық жүйесі мен экономикасына әсері» конгресінің 7-ші сессиясына қатысты

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты Министрі Тимур Сүлейменов «Дүниежүзілік Сауда Ұйымының құқығы: Еуропа-Азия аймағындағы мемлекеттердің құқықтық жүйесі мен экономикасына әсері» конгресінің 7-ші сессиясына қатысты

10.06.2013

6 шілдеде Екатеринбургте Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты Алқасының Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов 7-ші Еуропалық-Азиялық құқықтық конгресс шеңберінде халықаралық серіктестік және экономика, қаржы, салық салу мен кедендік қарым-қатынастар саласындағы интеграцияны құқықтық қамтамасыз ету бойынша Сараптамалық топ отырысына қатысты. Конгресстің «Дүниежүзілік Сауда Ұйымының құқығы: Еуропа-Азия аймағындағы мемлекеттердің құқықтық жүйесі мен экономикасына әсері» жетінші сессиясы Ресей мен Еуропалық-Азиялық аймақтағы мемлекеттердің салық, қаржы, кеден, кәсіпкерлік, еңбек, көші-қон заңнамаларындағы проблемаларды жетілдіруге байланысты мәселелерді талқылауға арналған. Еуропалық-Азиялық құқықтық конгресске ЕЭК, РФ Президенті, РФ Мемлекеттік Думасы, Свердлов облысы Губернаторы әкімшілігінің өкілдері, сондай-ақ ресейлік және халықаралық ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.

Тимур Сүлейменов пленарлық отырыстағы кіріспе сөзінде: «Дүниежүзілік Сауда Ұйымының құқығы: Еуропа-Азия аймағындағы мемлекеттердің экономикасы мен заңнамаларына әсері» тақырыбы біздің елдеріміздің қазіргі даму кезеңінде, сондай-ақ біздің интеграциялық еуразиялық жобаны дамыту кезеңіндегі тұрғыда сөзсіз өзекті әрі дер кезінде қаралып отырған мәселе», - деді. Ол ТМД елдері кеңес кезінен кейін жаһандық экономиканың жеткілікті деңгейдегі қатаң жүйесінде өмір сүру тәжірибесін жинақтады және «тауар, жұмыс, қызмет көрсету, капитал, жұмыс күші, зияткерлік меншік нарығын біздің бірлесе ұйымдастыру артықшылығымызды» бағалады, және ол еуразиялық экономикалық интеграциялық үрдіс шеңберінде Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік құруға жол ашты, деп атап көрсетті. ЕЭК өкілінің айтуы бойынша, осы үрдістің ерекшелігі, қандай да болмасын бір деңгейде біздің елдеріміздің жан-жақты сауда жүйесіне енуі (Ресей ДСҰ-ның мүшесі, Қазақстан мен Беларусь – ДСҰ-ға кіруге әлеуетті үміткерлер), сондай-ақ экономикалық бірлестіктерге – КО мен БЭК – қатысу болып табылады.

Министр: «біздің елдеріміз әлі көпжақты сауда жүйесінің, сондай-ақ аймақтық интеграцияның барлық мүмкіншіліктері мен артықшылықтарын үйренуі керек, ол, әрине, ДСҰ жағдайында экономикалық та, ғылыми-құқықтық зерттеулер жағынан да аймақтық интеграция проблематикасына белгілі бір қайта бағытталуды талап етеді», - деді. Бұдан басқа, оның айтуы бойынша, КО мүше елдердің шаруашылық субъектілерін бұқаралық халықаралық қарым-қатынастарға енгізу айтарлықтай мөлшерде жоғары білікті мамандарды – экономистерді, заңгерлерді – халықаралық құқық саласындағы мамандарды тартуды талап етеді. КО мен БЭК-тің нормативтік-құқықтық базасын ДСҰ мүшелігінің шынайы жағдайына бейімдеу үрдісінің ортасында тұрған ЕЭК Ресей шекарасынан алыс жерлерде және кеңес кезеңінен кейінгі кеңістікке танымал Орал Құқықтық мектебі мамандарды дайындау процесінде маңызды рөл атқарады деп есептейді.

Тимур Сүлейменов Сарапшылар тобы жұмысының шеңберінде ДСҰ-на мүше мемлекеттердің қосылу контекстінде КО мен БЭК-тің келісім-құқықтық базасын дамытудың негізгі бағыттары туралы баяндамамен сөз сөйледі. ЕЭК төрағасы, ұлттық заңнамалардан басқа, соңғы жылдары КО мүше мемлекеттерінде үш мемлекеттің арасындағы өзара құқықтар мен міндеттемелерді қарайтын айтарлықтай мөлшерде кеңейтілген, жақсы регламенттелген Кеден одағының нормативтік құқықтық базасы пайда болды деп атап өтті. Министр ДСҰ-ның заңды міндетті құқығы Ресей үшін қандай арақатынаста болса, сондай заңды міндетті құқықтарды үш мемлекет бір-біріне қатысты қолданатындығы туралы әңгімелеп берді.

Бұдан басқа, Тимур Сулейменов ДСҰ алдында тұрған міндеттемелер тұрғысынан ЕЭК қызметінің зияткерлік меншік құқығы ретіндегі аспектісі туралы айтып берді. Ол, халықаралық сауда жүйесінің негізгі ойыншылары – АҚШ пен Еуроодақ (зияткерлік меншікті белсенді құрушылар) – барлық нарықта, соның ішінде КО нарығында өз құқықтарын сәйкес қорғауды іздестіреді деп атап өтті. Қазіргі уақытта Комиссия КО барлық периметрлері бойынша зияткерлік меншікті қорғау жүйесін белсенді дамытып жатыр. Атап айтқанда, «БЭК тауарлық белгісі» ұғымын енгізетін, жарып шығатын келісім болып табылатын БЭК-тің тауарлық белгісі туралы Келісім-шарты дайындалды. Бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін өндірушілер құқығы КО-ның барлық аумағында қорғалады. Бұдан басқа, ЕЭК Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікте зияткерлік меншік құқығын қорғаудың Бірыңғай жүйесін құру шеңберінде КО мен БЭК-те авторлық құқықты басқару бойынша Келісімді дайындап жатыр.

Алқа Мүшесінің айтуы бойынша, транспаренттілік бойынша міндеттемелер – ЕЭК құжаттарында, мысалы, БЭК шеңберіндегі сауда қызметі мен инвестициялар бойынша Келісімде де, сол сияқты Комиссияның тәжірибелік қызметінде де көрінетін ДСҰ келісімінің өте маңызды бөлігі болып табылады. Мысалы, ЕЭК Комиссиясы дайындаған барлық нормативтік-құқықтық актілердің жобалары жарияланатын жаңа сайт ашты. Сарапшылар бұдан да сапалы құжат дайындау үшін өздерінің қорытындыларын жібере алады және Комиссиядан сәйкес түсініктемелер ала алады. Бұдан басқа, реттеу әсерін бағалау жүйесін дайындау шеңберінде бизнеске қатысты Комиссия нормаларының артық еместігі туралы талдау жасалды, деді Министр.

Анықтамалық ақпарат.

Еуроазиялық құқықтық конгресін Ресейдің заңгерлер Қауымдастығы мен ғылыми-сарапшылар қоғамдастығы Үкімет, бизнес және ғылыми орта өкілдерін белсенді қатыстыру барысында құқық саласында зерттеулер мен жобаларды үйлестіру үшін пікірталас алаңын құру мақсатында 2007 жылы құрған болатын.