Жүйеге кіру
ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаменті директорының орынбасары Самат Әлиев ТМД қатысушы мемлекеттері көші-қон органдарының басшылары Кеңесінің 13-ші отырысына қатысты

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаменті директорының орынбасары Самат Әлиев ТМД қатысушы мемлекеттері көші-қон органдарының басшылары Кеңесінің 13-ші отырысына қатысты

10.06.2013

2013 жылдың 6 маусымында Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаменті директорының орынбасары Самат Әлиев ТМД қатысушы мемлекеттері көші-қон органдарының басшылары Кеңесінің (КОБК) он үшінші отырысына қатысты. Отырысқа ТМД қатысушы мемлекеттері көші-қон органдарының басшылары мен ТМД атқарушы комитетінің өкілдері қатысты. Бақылаушы мәртебесінде Молдова Республикасы, Түркменістан, Украина өкілдері мен Жалпы кәсіподақтар конфедерациясы өкілдері қатысты. Шақырылған қонақ ретінде Көші-қон бойынша Халықаралық ұйымның Бас директоры Вильям Лейси Свинг іс-шарада сөз сөйледі.

Қатысушылар Достастық елдеріндегі көші-қон жағдайын, заңсыз көші-қонға қарсы әрекеттер мен күрес мәселелерін, реадмиссия бойынша келісімді жүзеге асыру туралы мәселелерді талқылады. Сонымен қатар күн тәртібіне ТМД елдерінде жұмыс істеу үшін жұмысшы-мигранттарды ұйымдастырылған түрде тарту бойынша келісімді дайындау, ТМД елдеріне келетін үшінші мемлекет және азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алудың Бірыңғай жүйесін құру және т.б. мәселелер қойылды.

Және іс-шара шеңберінде ТМД кеңістігінде «оқу көші-қонын» дамыту келешегінің мәселелері қаралды.

Отырыста ТМД қатысушы мемлекеттердің көші-қон органдарының ТМД қатысушы мемлекеттерінің бұқаралық ақпараттық құралдарымен өзара әрекеттестігін Стратегиясы жеке мәселе болып қаралды.

Анықтамалық ақпарат.

2012 жылдың 11 қазанында КОБК 12-ші отырысының шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияға Кеңес бақылаушысы мәртебесі берілді.