Жүйеге кіру
«БЭК жағдайында монополияға қарсы реттеу және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігі» атты конференция болып өтті

«БЭК жағдайында монополияға қарсы реттеу және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігі» атты конференция болып өтті

09.06.2014

5-6 маусым күні Минск қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия және профессор М.С. Кунявскийдің атындағы кәсіпкерлер мен жалдаушылардың бизнес одағы «Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер (жалдаушылар) конфедерациясы» коммерциялық емес ұйымдар одағының және бизнес-қауымдастықтың өзге ұйымдарының қатысуымен «БЭК жағдайында монополияға қарсы реттеу және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігі» тақырыбына халықаралық конференция өткізді. 

Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасының Комиссия төрағасы Дмитрий Харитончик, Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, Жарғылық және өзге ТМД елдері жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілетті өкілі Ерғали Бүлегенов конференцияға қатысушыларға құттықтау сөзімен хабарласты.

Конференцияға ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нурлан Алдабергенов, М.С. Кунявский атындағы Кәсіпкерлер мен жалдаушылардың бизнес одағының құрметті төрағасы Георгий Бадей, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасының Экономикалық саясат бойынша тұрақты комиссиясы Төрағасының Орынбасары Владислав Щепов, Беларусь, Қазақстан және Ресейдің монополияға қарсы органдарының өкілдері, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Сот төрағасының орынбасары Татьяна Нешатаева, Басқарманың қосымша төрағасы, Кунявский атындағы КЖБО директоры Жанна Тарасевич, Беларусь Республикасының Стандарттау бойынша мемлекеттік комитет Төрағасының Бірінші орынбасары Валерий Гуревич, Белоруссиялық сауда-өнеркәсіптік палата Төрағасының Бірінші орынбасары Вячеслав Реут, бизнес-қауымдастық ұйымдары мен ғылыми ұйым өкілдері қатысты.

Конференция барысында келесі мәселелер талқыланды:

- Белоруссиядағы бәсекелестік саясатының Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі тең бәсекелестік саясаты;

- ішкі нарық пен бәсекелестік қағидаттарын қорғау шараларының ара қатынастары;

- ұлттықтан жоғары сот органындағы бәсекелестік саясаты;

- кіші және орта бизнес негізінде бәсекелестікті дамыту;

- техникалық реттеу әдістерімен өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттігін жоғарылату,

- келісілген бәсекелестік ортасын қалыптастыру;


- экономикалық ықпалдасу және бәсекелестік саясаты (Еуропалық одақ тәжірибесі);

- Белоруссия экономикасының бәсекеге қабілеттігі;

- БЭК қалыптастыру жағдайындағы ұлттық салық жүйелерінің бәсекеге қабілеттігі;

- Белоруссиялық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін арттырудағы менеджменттің рөлі;

- Белоруссияның Ұлттық бизнес платформасы контекстінде әділетті бәсекелестікті және монополияға қарсы саясатты дамыту;

- экономиканың әртүрлі салаларындағы (құрылыс, көлік, сауда, ақылы медициналық қызмет көрсету саласындағы) ұйымдардың проблемалары және бәсекеге қабілеттігінің арттыру жолдары

және бірқатар басқа.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов әділетсіз бәсекелестік фактілерін анықтау бойынша Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттердің бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен жұмыс топтарын құруды ұсынды.

Халықаралық конференцияны өткізу нәтижелері бойынша қатысушылармен қарар қабылданды, онда тұрақты экономикалық өсу тікелей бәсекелестіктің дамуына байланысты екені атап өтілген. «Бәсекелестік туралы» модельдік заң БЭК елдерінің үдемелі заңнамасын құрудағы базистік бағдар болып табылады және бүкіл БЭК аумағында тең жағдайда елдеріміздің кәсіпкерлерінің ықпалдастық ынтымақтастығына себепші болады. 

Еуразиялық экономикалық комиссияның конференциясында Беларусь Республикасының ұлттық заңнамасына отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі нарықты қорғауға, тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту және бағаларды төмендету үшін инвестицияларды тартуға бағытталған жаңа нормаларды енгізу ұсынылды. Бұл: мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын бақылау; мемлекеттік пұрсаттылықтарды ұсыну тәртібі; сауда-саттықтарға қойылатын монополияға қарсы талаптар; монополияға қарсы органның сауда-саттық үрдістеріндегі бұзушылықтарға арыздарды қарау тәртібі; электр энергиясының (қуаттылықтың) көтерме және (немесе) бөлшек нарығының қатысушылары болып табылатын шаруашылық жүргізетін субъектілердің (нарық субъектілерінің) келісілген әрекеттеріне тыйым салулар; мемлекеттің монополияға қарсы заңын бұзуға болмайтындығы туралы ескерту; айыппұл санкцияларының көлемін анықтау кезінде ескерілетін, мемлекет заңнамасының бұзушылықтары үшін жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын жайттар сияқты нормалар.

Сондай-ақ, әуе- және теміржол тасымалдары, ұялы байланыс (роуминг), фосфатты шикізаттың трансшекаралық тауарлық нарықтарын зерттеу мәселелері қозғалды. Жолаушыларды БЭК аумағында теміржол және әуе көлігімен тасымалдау бағаларын салыстыру көрсеткендей, алдын ала сатып алған кезде Белоруссия, Қазақстан, Ресей астаналары арасындағы авиабилет бағасы шамамен бірдей, ал кейбір бағытта сол маршрут бойынша купе вагонында жол жүруге қарағанда 9-14%-ға арзан. Мысалы, 2014 жылдың 12 маусымына Мәскеу-Минск рейсіне авиабилеттер бағасы 1 099 714 бел. руб. құрайды, сол күнге теміржол билетінің бағасы (купе) 1 280 380 бел. руб. құрайды. Мұндай жағдай жол беруге болмайтын жағдай болып табылады. 

Халықаралық ұялы байланыстың (роуминг) трансшекаралық нарығын талдау көрсеткендей, үй желісіндегі халықаралық қоңырау тарифтерімен салыстырғанда роумингтегі қоңырауларға тарифтер бірнеше есе жоғары. Мысалы, Белоруссияда да және Ресейде де қызмет ететін МТС компаниясының белоруссиялық абоненті үшін үй желісінде болғанына қарағанда, Ресейден үйге қоңырау шалу бағасы 48 есе жоғары, ал ресейлік абонент үшін Ресейде болғанына қарағанда, Белоруссиядан қоңырау шалу 55 есе қымбат. «Вымпелком» компаниясының абоненттерімен баламалы жағдай: қазақстандық абонент Ресейде бола тұра, үйге қоңырау шалу кезінде 28 есе артық төлейді, ал ресейлік абонент Қазақстанда бола тұра – 21 есе артық төлейді. Роумингтегі тарифтердің кезеңмен төмендетілуі жұмыс күші мен бизнестің БЭК аумағында орын ауыстыру еркіндігін, сонымен қатар телекоммуникациялық желілердің дамуын қамтамасыз ету мүмкіндігін береді. 

Фосфатты шикізаттардың бағасын зерттеу нәтижелері көрсеткендей, олар тұтынушылармен байланысты  айтарлықтай ерекшеленеді (өндіруші елдің ішінде және оның шекарасынан тыс). Мысалға, 2013 жылы белоруссиялық тұтынушы үшін ресейлік өндірушілер жіберетін апатитті концентрат ресейлік тұтынушылар үшін жіберілетін бағадан 20%-дан артық болған.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нурлан Алдабергенов қорытынды баяндамасында параллельді импортты заңдастыру, әділетсіз бәсекелестік фактілері бойынша тергеу және 2014 жылы бәсекелестікті адвокаттандыру бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның іс-шаралар мәселелерін қозғады.