Жүйеге кіру
Тигран Саркисян ШЫҰ мемлекет басшыларының саммитіне қатысты

Тигран Саркисян ШЫҰ мемлекет басшыларының саммитіне қатысты

10.06.2018

Еуразиялық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян, маусымның 9-нан 10-на дейін, Циндао (Қытай) қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) мемлекет басшылары Кеңесінің отырысына қатысты.

ШЫҰ мүшелерімен қабылданған басты қорытынды құжат - Циндао декларациясы болды, бұл құжатта мемлекет басшыларының әлемдегі қазіргі жағдайға қатысты ұстанымдары белгіленді және өзекті мәселелерді шешуді ұйымдастыру амалдары тұжырымдалды. Бұдан бөлек, құжатта елдердің таяу перспективасындағы жаһандық және аймақтық басты бағыттары белгіленген.

ШЫҰ мемлекет басшылары Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша, сондай-ақ, ШЫҰ Хатшылығы мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсінушілік туралы Меморандумға қол қойылды. Барлығы, саммит шеңберінде, сонымен бірге экономика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты 20 артық құжат талқыланды.

Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және Қырғызстан Республикасының Президенттері ЕАЭО-тың ШЫҰ елдерімен өзара әрекеттестігінің,, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Қытай Халық Республикасының «Бір белдеу, Бір жол» (БББЖ) бастамасымен тоғысуы шеңберіндегі маңыздылығын айтып көрсетті.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянға ШЫҰ саммитінің жұмысына қатысқандығы үшін алғыс айтты.


Сегіз ел ШЫҰ мүше мемлекеттер қатарына кіреді, олар: Үндістан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Пакистан Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы.

Төрт мемлекеттің ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттер мәртебесіне иелік етеді: Ауғанстан Ислам Республикасы, Беларусь Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Моңғолия Республикасы.

Алты ел ШЫҰ диалог бойынша әріптестері болып табылады: Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Камбоджа Корольдігі, Непал Федеративті Демократиялық Республикасы, Түркия Республикасы, Шри-Ланка Демократиялық Әлеуметтік Республикасы.