Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы ЕАЭО-да коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарының жобасын мақұлдады

ЕЭК Алқасы ЕАЭО-да коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарының жобасын мақұлдады

10.06.2020

ЕАЭО мемлекеттерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесі Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп коронавирустық және басқа да қауіпті инфекциялардың таралуын алдын ала ескертуге, қоғамдық денсаулық сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйелерінің әлеуетін арттыра түсуге, COVID-19-ды диагностикалау мен екпелік алдын алудың тиімді құралдарын үйлестірілген түрде әзірлеуге бағытталған санитариялық-эпидемиологиялық саламаттық және денсаулық сақтау саласындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді іс-шаралардың кешенді жоспарының жобасын дайындады.

«Кешенді жоспарға кіргізілген іс-шараларды іске асыру ЕАЭО елдері қоғамдық денсаулық сақтау жүйелерінің COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау үшін ғана емес, сонымен қатар ЕАЭО аумағында басқа да жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін пайдалануға болатын әлеуетін күшейтуге және үйлестіруге мүмкіндік береді. Сөйтіп, бұл жоспар болашақта болуы мүмкін індеттердің алдын алу үшін Одақтың бірыңғай эпидемиологиялық кеңістігінде халықты қорғауға ықпал ететін болады», – деп атап көрсетті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко.

СОVID-19 және өзге де жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары ЕАЭО-ның жалпы ақпараттық процестері шеңберінде эпидемиологиялық қадағалау органдарының өзара ақпарат алмасуын; ұсынымдарды бірлесіп әзірлеуді; халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға сәйкес өзекті және белгісіз (жаңа) инфекциялық аурулардың жайылуына ден қоюдың келісілген шараларын игерісу үшін бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді және мамандарды оқытуды көздейді.

Құжат тұтастай алғанда ЕЭК Алқасының отырысында мақұлданды және ДДҰ-ның жүзден астам мүше мемлекеті қолдайтын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы жоғары органының (2020 жылғы 18 мамырда шығарылған) қарарына сәйкес келеді.​