Жүйеге кіру
ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин РФ Мемлекеттік Думасында КО және БЭК аумағында кәсіпкерлік қызмет жүргізу шарттарына ЕЭК-ның актілері жобаларының әсерін бағалау туралы айтып берді

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин РФ Мемлекеттік Думасында КО және БЭК аумағында кәсіпкерлік қызмет жүргізу шарттарына ЕЭК-ның актілері жобаларының әсерін бағалау туралы айтып берді

10.07.2013

9 шілдеде Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Федералдық Жиналысының Мемлекеттік Думасында Мемлекеттік Думаның Көлік бойынша комитетінің жанындағы Сыртқы сауданың жүк легінің қозғалысын оңтайландыру бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысында ЕЭК-ның Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Рустам Ақбердин баяндама жасады.

Отырысқа үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты: РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары, Атқарушы Үкіметтің федералдық органдарының, бизнес-ассоциациялардың, салалық кәсіпкерлік бірлестік, жекелеген шаруашылық жасайтын субъектілер, және сол сияқты ғылыми-білім беру қоғамдастықтың өкілдері.

Үйлестіру кеңесінің отырысында ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына Еуразиялық экономикалық комиссия актілерінің жобаларының әсерін бағалау туралы толық айтып берді.

Баяндамада кедендік реттеу және көлік салаларында ЕЭК-ның ұлттықтан жоғары реттеу шеңберінде әкімшілік кедергілерді жоюына нақты мысалдар келтірілді. Осы саладағы мәселелер бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің өтініштерін қарау нәтижесінде және Тараптардың заңнамаларын салыстырмалы – құқықтық талдауды жүзеге асыру арқылы анықталды.

Рустам Ақбердин: «Қазіргі уақытта Комиссияның актілері жобаларының бизнес-климатқа әсерін бағалау бойынша жұмысты біз, тура айтсақ, «қолмен атқару режимінде» жасап отырмыз. Сонымен қатар Комиссия жұмысына оның шешімдері жобаларының реттегіш әсерін бағалаудың толыққанды жүйесін енгізу керек екені айдан анық болып отыр, ол Дүниежүзілік Сауда Ұйымының құқық шығармашылығының транспаренттігі талаптарына сәйкес болуы үшін оның қатал регламенттелген негізі болуы тиіс», - деп атап өтті.

ЕЭК-ның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердиннің баяндамасына отырысқа қатысушылар үлкен қызығушылық танытты. Олар Үйлестіру кеңесінің отырыстары шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның басқа құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің сөздерін тұрақты түрде тыңдауды ұйымдастыруды ұсынды.

Үйлестіру кеңесінің Төрағасы, РФ Мемлекеттік Думасының көлік бойынша Комитеті Төрағасының Бірінші орынбасары Михаил Брячак Рустам Ақбердинге отырыс қатысушылары үшін өзекті мәселе бойынша қызықты баяндама оқығаны үшін ризашылығын білдірді.

Анықтамалық ақпарат.

Сыртқы сауданың жүк легінің қозғалысын оңтайландыру бойынша Үйлестіру кеңесі Ресей Федерациясының Федералдық Жиналысының Мемлекеттік Думасында Мемлекеттік Думаның Көлік бойынша комитетінің жанында құрылған.

Үйлестіру кеңесі отырыстарында үнемі қаралатын өзекті мәселелер:

- кедендік реттеу мен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру;

- көліктік және логистикалық қызметтерді заңнамалық регламенттеу;

- сыртқы сауданың дамуына ықпал ету;

- Ресей Федерациясының транзиттік әлеуетін жүзеге асыру.