Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Тимур Сүлейменов: «Қызметтер көрсетудің ортақ нарығын құру бизнес үшін уақыт шығындарын, қаржылық шығыстарды және еңбек шығындарын қысқартуды білдіреді»

ЕЭК министрі Тимур Сүлейменов: «Қызметтер көрсетудің ортақ нарығын құру бизнес үшін уақыт шығындарын, қаржылық шығыстарды және еңбек шығындарын қысқартуды білдіреді»

10.10.2016

7 қазанда Бішкекте Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитеттің оныншы отырысында қызметтер көрсету саудасы еркіндігін, ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсеріне бағалау (РӘБ) жүргізу практикасын қамтамасыз етуді және Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтағы басқа да мемлекеттермен өзара саудадағы тосқауылдарды талқылады.

Отырыста ЕЭК өкілдері, Одақ елдерінің уәкілетті органдарының, даму институттарының, бизнес-қауымдастықтарының, шаруашылық субъектілерінің және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Отырысты аша отырып, Тимур Сүлейменов былай деп атап өтті«Қырғыз Республикасы өкілдерінің Одақ органдарының жұмысына қатысуының шамалы ғана мерзіміне қарамастан, Қырғыз мемлекеттік органдары мен бизнесі кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ықпал ететін тосқауылдарды анықтау процесіне, шағын және орта бизнесті қолдау институттарын дамытуға, сондай-ақ ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімдерін жүргізуге белсене қатысып отыр деп сеніммен айтуға болады».

Қырғызстан Республикасының Экономика министрі Арзыбек Кожошев өз кезегінде, Одаққа Қырғызстанның қосылу сәті әлемдік экономикадағы дағдарыспен тұспа-тұс  келгендігін еске салды. «Сөйтсе де, республиканың ұлттық экономикасының 2015 жылғы өсімі 3,5% құрады, – деді Арзыбек Кожошев. – Одақ шеңберінде кедендік рәсімдер жойылды, бірыңғай техникалық регламенттер қолданысқа енгізілді, өткізу пункттері жарақталды, сондай-ақ бизнесті кредиттеу үшін Ресей-Қырғыз даму қоры мен Кепілдік қоры құрылды. Оның үстіне, Қырғызстан Үкіметі кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одақтың барлық артықшылықтарын пайдалана алатындай, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жасауда».

ЕЭК өкілдері Одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің ортақ нарығын құру туралы айтып берді«Одақ мемлекеттері өзара тауарлармен ғана емес, қызметтер көрсетумен де сауда жасайтындығын есте ұстау керек, – деп баса айттыТимур Сүлейменов. – Осыдан бұрын қызметтер ұсыну тек қана ұлттық заңнамамен реттелді. Кәсіпкер есепке тұрып, заңды тұлға құрып, лицензия алуға және т.б. тиісті болатын. Одақ туралы шарт арқасында, қосымша ұлттық лицензиялар мен қызметті жүзеге асыруға арналған өзге де рұқсат құжаттарын алу қызметтер көрсетудің көптеген секторларында енді қажет емес. Мәселен, егер беларусьтік компанияда құрылысқа арналған лицензия болатын болса, онда ол Ресейде де, Қырғызстанда да құрылыспен айналыса бере алады. Бизнес үшін бұл уақыт шығындарының, қаржылық шығыстар мен еңбек шығындарының елеулі түрдегі үнемделуін білдіреді». ЕЭК министрі сонымен қатар, Одақ шеңберінде инвестицияларға қатысты қорғау режимдері де жұмыс істейтіндігін еске салды. «Егер инвестициялар деректемеленген болса, кәсіпкер Комиссияға қолдау үшін жүгіне алады, – деп түсіндірді Тимур Сүлейменов. – Бұл айтарлықтай жаңашылдық».

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Бауыржан Бекешев Комиссияның шешімдері жобаларының реттеуші әсеріне бағалау жүргізген кезде, бизнес-қоғамдастықтың және ЕЭК бейіндік жұмыс тобының шамамен 60% ескертпелері мен ұсыныстары ескерілгенін айтып өтті. Сонымен қатар, ол РӘБ рәсімі шеңберінде сандық әдістерді пайдалану бойынша және Комиссия қабылдаған шешімдердің нақты әсерлеріне бағалау жүргізу бойынша пилоттық жобаларды іске асыру басталғанын хабарлады.

Бизнес-қоғамдастық өкілдерінің сөйлеген сөздерін ескеріп, Комитет мүшелері Қырғыз Республикасының жүктері үшін біріздендірілген теміржол тарифін қолдану, сондай-ақ Ресей Федерациясының және Одақтың басқа да мемлекеттерінің аумақтары арқылы Ресей арнайы экономикалық шаралар (қарсы санкциялар) енгізіп отырған елдерде шығарылған тауарлар «ішкі» транзитінің еркіндігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуді жеделдету қажет деп мойындады.  

Тимур Сүлейменов  барлық мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарын 2017 жылғы 1 қаңтарда аяқталатын, (ерекше, арнайы) экономикалық аймақтардан келетін тауарларды кедендік баждар, салықтар төлеуден босататын өтпелі кезеңді ұзартудың қажеттігі туралы мәселе бойынша шоғырландырылған позицияны қолдауға шақырды.

Оның үстіне, кәсіпкерлер Қырғыз-Қазақ шекарасында фитосанитариялық бақылаудың жүзеге асырылуын тоқтатуға, сондай-ақ біржақты санитариялық, карантиндік фитосанитариялық немесе ветеринариялық-санитариялық шараларды енгізу жағдайында Одақтағы мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы мәселелерін реттеуге бағытталған, Комиссия қабылдаған шешімдер туралы хабардар етілді.

Отырыс барысында Қырғыз Республикасы бизнес-қоғамдастығының өкілдері Одақ елдерінде зергерлік бұйымдарға сынамалық таңбаны өзара тану туралы мәселе көтерді. ЕЭК өкілдері әзірленіп жатқан, Еуразиялық экономикалық одақта қымбат металдармен және асыл тастармен жасалатын операциялардың ерекшеліктері туралы келісімнің жобасы жайлы айтып берді. Құжат жобасында зергерлік бұйымдардың сынамалық таңбаларын барлық мүше мемлекеттердің өзара тануы туралы норма көзделген болып отыр. 

Сөйтіп, Одақ шеңберінде тиісті халықаралық шарт жасалып, күшіне енген соң, сынамалық таңбаларды түсіру рәсімдерін қайталау қажетсіз болып қалады.

Отырыста сонымен қатар Қырғыз Республикасында электр байланысы қызметтерін көрсету кезінде қосарланған салық салу практикасы қаралды. КК мүшелері Қырғызстанның әуе компанияларына Ресей әуежайларында ұсынылатын, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерге ҚҚС төлеуден босату мүмкіндіктерін талқылады.

Анықтама:

ЕЭК Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитеті ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі №171 шешімімен құрылған ЕЭК Алқасы жанындағы консультативтік орган.

Консультативтік комитеттің құрамы Алқаның 2015 жылғы 31 наурыздағы №23 шешімімен бекітілген.

Консультативтік комитеттің отырыстары бұдан бұрын Мәскеуде (2013 жылғы ақпанда және сәуірде), Екатеринбургте (2013 жылғы маусымда), Алматыда (2013 жылғы қарашада), Брестте (2014 жылғы тамызда), Байқоңыр мен Қызылордада (2014 жылғы қазанда), Казаньда (2014 жылғы қарашада), Минскіде (2015 жылғы сәуірде), Ереванда (2016 жылғы шілдеде) өткізілген.

Консультативтік комитеттің негізгі міндеті мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар, соның ішінде ең үздік деген халықаралық практиканың негізінде ұсыныстар дайындау болып табылады:

- мүше мемлекеттердің аумағында кәсіпкерлік және инвестициялық қызмет саласындағы үндестірілген саясатты қалыптастыру және іске асыру;

- кәсіпкерлік қызмет саласындағы артық әкімшілік тосқауылдарды жою;

- Одақ аумағындағы инвестициялық қызметті және қызметтер көрсетумен өзара сауданы қоса санағанда, бизнес-климатты жақсарту.