Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Вероника Никишина: «Үлкен Еуразиялық әріптестік Еуразия кеңістігіндегі барлық ойыншының мүддесін ескеруге тиіс»

ЕЭК министрі Вероника Никишина: «Үлкен Еуразиялық әріптестік Еуразия кеңістігіндегі барлық ойыншының мүддесін ескеруге тиіс»

фото.jpg
10.12.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина Федерация Кеңесінің Халықаралық істер комитетінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттері, Қытай, Еуроодақ, АСЕАН және ШЫҰ арасында Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастыру, сондай-ақ ЕАЭО құрылысының осы тұрғыда Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасымен ұштасуы жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері туралы айтып берді.

ЕЭК министрінің пікірінше, Үлкен Еуразия перспективасын қалыптастыру ЕАЭО үшін осы кеңістікте жұмыс істейтін барлық адамдар үшін сауда мен кәсіпкерлік қызметтің кең аймағын құру бойынша нақты тексерілген және серпінді іске асырылған стратегияға айналуға тиіс.

Вероника Никишина 2018 жылғы 6 желтоқсандағы ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту туралы декларация Үлкен Еуразиялық кеңістік идеясын дамыту міндеттерінің ортақтығын айқындап қойғанын, сондай-ақ бірлескен іс-қимылдың нақты жоспарын әзірлеу үшін негіз қалғанын атап өтті.

Осыған байланысты, ЕЭК министрі атап өткендей, Одақ алдында Еуразияның ірі ойыншылары арасында өзара тиімді қарым-қатынас жүйесін құру бойынша нақты ұсыныстарды қалыптастыру міндеті тұр, оған барлық мүдделі мемлекеттер өзара тиімді негізде тартылатын болады. ЕЭК министрі Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастыру қағидаттары ретінде өзара байланыстылықты, ұштасу нысандарының икемділігін және кеңінен қамтуды атап өтті.

ЕЭК министрінің пікірінше, әлемдік экономика мен саясаттың қазіргі болмысында Үлкен Еуразиялық әріптестікті «өрістету» басталғанда ЕАЭО үшін «органикалық серіктес» Қытай болып табылады. «ЕАЭО мен Қытайлық «Бір белдеу – бір жол» жобасының ұштасуы оның маңызды бөлігі ғана емес, сонымен бірге тұтастай алғанда барлық идеяның қозғалтқышы, «пилоттық жобасы» болады деп үміттенеміз», – деп мәлімдеді Вероника Никишина.

Осы тұрғыда ЕЭК министрі биылғы 25 қазанда ЕАЭО елдерінің көшбасшылары ЕАЭО мен «Бір белдеу – бір жол» жобасы ұштасуының «старт» алуының оңтайлы форматы ретінде айқындаған сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енгенін атап өтті. Вероника Никишина мәлімдегендей, Келісім реттеу жүйесінің транспаренттілік деңгейін арттыруға және сауда рәсімдерін жеңілдетуге ғана емес, сонымен қатар Қытаймен салалық өзара іс-қимылды дамытуға да бағытталған.

Мұндай тәсілдемені іске асыру үшін Келісім бойынша бірлескен комиссия базасында бірлескен жобаларды, өз «инкубатор» жобаларын талқылау үшін реттеушілердің, қаржылық даму институттары мен ЕАЭО және ҚХР іскерлік қоғамдастығының үшжақты өзара іс-қимылын көздейтін алаң құру бағамдалып отыр.

Бұл ретте ЕЭК министрі ЕАЭО-ның барлық интеграциялық бастамалары, еркін сауда туралы келісімдер, сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу Үлкен Еуразиялық әріптестіктің өзара байланысты элементтері ретінде жайғастырылуға тиіс екендігін атап өтті. «Біз тұжырымдамалық сипаттағы тиісті құжатты әзірлеуге кірістік», – деді Вероника Никишина.​