Жүйеге кіру
ДСҰ қатысу бойынша Қазақстанның міндеттемелерін іске асыру туралы Хаттама күшіне енді

ДСҰ қатысу бойынша Қазақстанның міндеттемелерін іске асыру туралы Хаттама күшіне енді

11.01.2016

2016 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының ДСҰ қосылуы бойынша міндеттемелеріне сәйкес Қазақстанға төмендетілген кедендік баж ставкаларымен әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) әкелінуін және тасымалдануын реттейтін Хаттама күшіне енді. Еуразиялық экономикалық комиссияға Хаттаманың күшіне енуіне қажетті болатын мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау туралы Одақтың барлық елдерінен ноталар келіп түсті.

«Одақтың барлық елдері Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге деген талпынысында қолдауға, әрі Қазақстанға ұйымға қосылу жөніндегі міндеттемелерін толық көлемде орындауға және Одақ елдерінің нарықтары үшін туындайтын қатерлерді кемітуге мүмкіндік беретін көзқарасты әзірлеп алуына деген талпыныстарын қолдауға шешім қабылдағаны өте маңызды, деп мәлімдеді ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Андрей Слепнев. – Күшіне енетін Хаттама ЕАЭО тауарлардың ортақ нарығын және бәсекелестік ортасын сақтау үшін аса маңызды».

Осы құжатқа сәйкес, Қазақстанға төмендетілген баждармен енгізілген тауарлар тек қана қазақстандық нарықта айналымға шығатын болады. Тауар «ЕАЭО тауары» деген мәртебеге ие болуы үшін және оны Одақтың басқа да елдеріне өткізгісі келсе, импорттаушы ЕАЭО әкелгенде-ақ Бірыңғай кедендік тарифтің (БКТ) ставкалары бойынша әкелу баждарын бірден төлеуге тиісті болады.

«Мұндай көзқарас Қазақстанға ДСҰ қосылу бойынша тарифтік ырықтандыру бөлігіне қатысты міндеттемелерін толығымен орындауға мүмкіндік береді, бұл ретте Одақтағы басқа елдердің кәсіпкерлері үшін тарифтік қорғаудың деңгейі төмендетілмейтін болады, деп түсіндірді Андрей Слепнев. – Бұл жеткізушілер үшін де қосымша елеулі жүктемелер бермейтін болады. Бұл сындарлы және әділетті шешім. Бұдан соң ЕЭК алынатын тауарлардың санын қысқарту үшін БКТ баждарының кейбір ставкаларын Қазақстанның міндеттемелеріне дейінгі деңгейге жеткізу мүмкіншілігін пысықтайтын болады».

Қазақстан Республикасы төмендетілген баж ставкалары бойынша енгізілген, алып тасталатын тізбедегі тауарларды ЕАЭО басқа елдеріне әкетілуіне жол бермеуге міндеттеме алды. Ол үшін электронды шот-фактуралар (ЭШФ) базасында есепке алудың арнайы жүйесі құрылып, нақты уақыт режимінде ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының арасында сондай тауарлар жайлы мағлұматтар алмасу жолға қойылады. ЭШФ жүйесі 2016 жылы іске қосылады.

Алып тастаулар тізіміндегі тауарларды жеткізушілер өз өнімдерін Қазақстаннан Одақтың басқа елдеріне жеткізгенде есепке алу жүйесіне үшінші елдерден әкелінген тауарлар бойынша ставкалар жайлы кеденнің мәліметтеріне байланыстыра отырып деректерді енгізіп отыратын болады.Одақтың басқа елдеріне тасымалданғанда арнаулы тауарға ілеспе құжат қажет болады.

Ішкі шекаралардағы кедендік бақылау қалпына келтірілмейді, алайда кейбір бақылау қызметтері өз өкілеттіктерінің шегінде алып тасталған тауарлар жеткізілімдерін қадағалайтын болады, ал кеден қызметтері (бақылау бекеті) өткізген соң бақылау құралдарын қолдана алады.

«Осылайша, ЕАЭО тауарлары үшін бекітілген кедендік ставкалар бойынша әкелінетін тауарлар Одақтың ортақ нарығында еркін айналымда бола алады. Төмендетілген баж ставкалары Қазақстанның нарығына ғана арналған тауарлар үшін қолданылады, әрі олар басқа елдердің нарықтарына еркін түрде жеткізіле алмайды. Біз мұндай көзқарасты әділетті деп санаймыз. Түптеп келгенде, бұл шектелім еркін қоймаларға орналастырылатын тауарларға сәйкес қолданылады», – деп мәлімдеді ЕЭК Сауда министрі Андрей Слепнев.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы ветеринарлық бақылауға жатқызылған тауарлардың әкетілуіне жол бермеу міндеттемесін қабылдады. ЕАЭО талаптарынан өзгеше талаптар қолданылатын тауарлар, сондай-ақ солардан жасалған өнімдер жайлы сөз болуда. Ол үшін сондай тауарларды автоматты түрде бақылау жүйелері іске қосылып, Одақтағы елдердің мамандандырылған жүйелерінің арасында ақпарат алмасуы жолға қойылатын болады.