Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министр Хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев ЕЭО Еңбек көші-қоны туралы бөлімі туралы әңгімеледі

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министр Хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев ЕЭО Еңбек көші-қоны туралы бөлімі туралы әңгімеледі

11.04.2014

10 сәуір күні Мәскеуде «Лайықты еңбек және әлеуметтік әділеттік үшін» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржылық саясат бойынша Алқа мүшесі (Министр) Хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев Еуразиялық экономикалық туралы шарттың (ЕЭО) еңбек көші-қоны бойынша бөлімі туралы әңгімеледі.

Конференцияны ұйымдастырушы Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясы болды. Іс-шараға Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының (ЖБКК) вице-президенті Виктор Карнюшин, Атқарушы комитет Төрағасының орынбасары  – ТМД Атқарушы хатшысының орынбасары Сергей Иванов, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов, Қырғызстанның Кәсіподақтар федерациясының төрағасының орынбасары Рысгүл Бабаева, Молдованың Ұлттық кәсіподақтар конфедерациясының төрағасы Олег Будза, сонымен қатар Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Әзербайжан кәсіподақтары, РФ ғылыми қауымдастығының өкілдері қатысты.

Асқар Кішкембаев Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының ТМД, ЕурАзЭО шеңберінде әлеуметтік бағыттағы ықпалдастыру үрдістерінің одан әрі дамуына көмек көрсететін ұйым ретінде маңызын атап өтті және 2013 жылдың желтоқсан айында жасалған ЕЭК және ЖБКК арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның шеңберінде Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) мүше-мемлекеттердің ортақ еңбек нарығын қалыптастыру бойынша бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі ашылатынына сенімділігін білдірді. 

Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Хатшылығының басшысы әңгімелеп өтті, Комиссия өзінің қызметінде КО және БЭК шеңберінде жұмыс күшінің қозғалуымен төрт еркіндіктің бірін жүзеге асыруға байланысты еңбек көші-қоны проблемаларына айтарлықтай назар аударады. Оның айтуы бойынша, КО және БЭК мүше-мемлекеттерінің алдында еңбек көші-қоны саласында келісілген шешімдер мен қағидаттарды жасау, еңбек етуші мигранттардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс тұр.

ЕЭК өкілі атап өткендей, Еуразиялық экономикалық комиссия мен уәкілетті ұлттық органдардың жұмысы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартымен жұмысы шеңберінде жеткілікті пысықталмаған бөлімдерді қарау, даулы нормаларды жедел келісу алда тұр. «Бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық комиссия Тараптардың үкіметтерімен бірлесіп КО және БЭК бүкіл қолданыстағы құқықтық базасын кодтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл елдеріміздің өзара саудасындағы алып тастаулар мен шектеулерді барынша жою және төрт еркіндікті жүзеге асыру үшін жағдай жасау мүмкіндігін береді. Шарт жобасы толық көлемде 2014 жылдың 1 мамырына дейін одан әрі қарау үшін және мемлекеттің басшылары қол қою үшін дайындалады», - деді Асқар Кішкембаев. 

ЕЭК Экономика және қарсы саясаты бойынша Алқа мүшесінің (Министрдің) Хатшылығы басшысының айтуы бойынша, еңбек көші-қоны саласында келісімдерге қол жеткізілді, оларға сәйкес Одақ елдерінің азаматтары ЕЭО туралы шартқа қатысушы-мемлекеттердің кез-келгенінде еңбек қызметін жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте мүше-мемлекеттердің азаматтары үшін жұмысқа орналасатын мемлекетте еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу қажет емес. Келешекте ортақ еңбек нарығын қалыптастыру үшін жұмысқа орналасатын мемлекеттің азаматтары үшін жүргізілетін шартта және тәртіппен мүше-мемлекеттердің еңбек етушілерін әлеуметтік сақтандыру нормасы маңызды мәнге ие. Қазіргі таңда бұл норма ЕЭО туралы шарт жобасында салынған, деді ЕЭК өкілі.  «Ортақ еңбек нарығы шеңберінде біздің азаматтарымызды зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер негізгі Шартқа жекелеген келісімдерде шешілетін болады», - деп атап өтті Асқар Кішкембаев.

ЕЭК өкілінің айтуы бойынша, Одақ мемлекеттерінің ортақ еңбек нарығын дамытуда жеке тұлғалардың кірісіне салық салу бойынша қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру маңызды мәнге ие. «Атап айтқанда, Одақ туралы шарт жобасында құқықтық норма салынған, оған сәйкес 183 күннен кейін ғана басталатын салық резиденті мәртебесін алғаннан кейін емес, жалданып жұмыс істеген бірінші күннен бастап КО және БЭК мүше-мемлекеттердің азаматтары-жеке тұлғалардың кірісіне салық салудың бірыңғай шарттары қарастырылады», - деп хабарлады Асқар Кішкембаев.

ЕЭК өкілі ТМД-ның барлық мүдделі елдерінің кәсіподақтарының өкілдері КО және БЭК, ал келешекте ЕЭО шеңберінде еңбек көші-қоны саласындағы өзекті міндеттерді талқылау бойынша жұмысқа кірісетін болады. «Еңбек көші-қонының кезігетін проблемалары мен оған байланысты мәселелер бойынша мүмкін бірлескен жұмыс және ынтымақтастық КО және БЭК мемлекеттердің ықпалдасқан ынтымақтастығын одан әрі дамыту бойынша міндеттерді тиімді шешу мүмкіндігін беретініне сенімдімін», - деп, атап өтті Асқар Кішкембаев. 

Анықтамалық ақпарат

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің тұрақты әрекет ететін реттеу органы ретінде жұмысын 2012 жылдың 2 ақпанында бастады. Қазіргі уақытта ЕЭК құрамында үш ел: Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы ұсынылған. ЕЭК ұлттықтан жоғары басқару органының мәртебесіне ие. Комиссияның шешімдері үш елдің аумағында орындалуға міндетті. ЕЭК негізгі міндеті аймақтық ықпалдастықтың жаңа субъектін – Еуразиялық экономикалық одақты құру мақсатында Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету.