Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сулейменов: «Ғылыми-технологиялық даму стратегиясын жүзеге асырудың маңызды элементі КО-дағы зияткерлік меншік саласындағы саясаттың реттелуін жетілдіру және үйлестіру болу керек»

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сулейменов: «Ғылыми-технологиялық даму стратегиясын жүзеге асырудың маңызды элементі КО-дағы зияткерлік меншік саласындағы саясаттың реттелуін жетілдіру және үйлестіру болу керек»

11.04.2014

10 сәуір күні Минск қаласында «Бірыңғай ғылыми-технологиялық кеңістікті және БЭК, ТМД инновациялық саясатын қалыптастырудың проблемалары және келешектері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов зияткерлік меншікті қорғау және күзету саласындағы ЕЭК жұмысының нәтижелерін ұсынды.

Министр өзінің баяндамасында атап өткендей, Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) мүше-мемлекеттердің экономикалық дамуының қазіргі заманғы кезеңіндегі маңызды міндеттері ұлттық экономикаларды жаңғырту және әртараптандыру, олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру, елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымның құрылымын – шикізаттықтан тауарлыққа өзгерту болып табылады. 

«Білім экономикасын» дамыту, нарықтарды жаһандастыру, жоғары технологиялық тауарлар өндірісіндегі күшейіп бара жатқан бәсекелестік КО және БЭК мүше-мемлекеттердің ықпалдасқан ынтымақтастығын белсендіру қажеттілігін шарттайтын өзекті факторлар болды», - деп, атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменов. ЕЭК өкілі атап өткендей, күн тәртібінде елдеріміздің ДСҰ-ға қосылу шартында инновациялық ұмтылыс, жағымсыз беталыстардың өзгерісі және бәсекеге қабілеттігін жоғарылатуға бағытталған ұзақ мерзімді ғылыми-технологиялық даму стратегиясын әзірлеу міндетті тұр. Осы стратегияны жүзеге асырудың маңызды элементі КО және БЭК елдерінің инновациялық дамуы мақсатында зияткерлік меншік саласындағы саясаттың реттелуін жетілдіру және үйлестіру болу керек. 

Тимур Сүлейменов осы бағыттағы ЕЭК жұмысы туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, 2013 жылы КО және БЭК мүше-мемлекеттердің экономикаларының бәсекеге қабілеттігін арттыру және инновациялық даму векторлары анықталған, КО және БЭК-тегі зияткерлік меншік (ЗМ) құқығының қорғалуын және күзетілуін дамыту концепциясын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұдан басқа, Концепцияда КО және БЭК шеңберінде ЗМ қорғау және күзетудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру, авторлық және сабақтас құқықтар саласында саясатты және құқық қолданылатын тәжірибені үйлестіру бойынша ұсынымдар, сонымен қатар коммерциялауға көмектесу және зияткерлік қызмет нәтижелерін пайдалану бойынша ұсынымдар қалыптастырылған. ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министр әңгімелегендей, Концепция 2014 жылдың мамыр айында жыл сайынғы Астаналық экономикалық форум шеңберінде ұсынылады.

Бұдан басқа, ЕЭК өкілі бір жақтан зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және күзетудің қазіргі заманғы тиімді жүйесін құруға және екінші жақтан тауарлар, капитал мен қызметтердің қозғалу жолында кедергінің туындауын болдырмауға бағытталған, Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде Заңнаманы дамыту және біріздендіру бойынша комиссия жұмысының нәтижелерін ұсынды.

Тимур Сүлейменов, Комиссия бір қатар құжат жобаларын дайындау бойынша жұмысын шамамен аяқтағанын хабарлады . Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің аумақтарында тауарлардың шығу тегінің атаулары туралы шарт, Зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғау бойынша әрекеттерді үйлестіру туралы шарт туралы сөз болып отыр. Сондай-ақ, комиссия Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқарудың бірыңғай тәртібі туралы келісім бойынша жұмысын аяқтап жатыр.

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сүлейменовтың айтуы бойынша, бизнестің үлкен мүдделігін ескере отырып, Комиссия зияткерлік меншік нысандарының бірыңғай кедендік тізілімінің жұмыс істеуі үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны дайындады: Бірыңғай кедендік тізілім туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бойынша мемлекетішілік келісім рәсімі аяқталып жатыр, оны жүргізу Регламенті әзірленген. Бұдан басқа, Тараптар келіскен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (ЕЭО) жобасының зияткерлік меншік мәселелері бойынша бөлімінде мүше-мемлекеттердің бірқатар бағыттары бойынша ынтымақтастығы қарастырылған.

Қорытындылай келе, ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сүлейменов инновациялық бизнес, венчурлық компаниялар, инвестициялық қорлар, патенттік сендірілген және құқық иелерінің мүдделігінде қызмет көрсететін заңды компанияларды Комиссияның мекен-жайына инновациялық климатты жақсарту және КО мен БЭК аумағында жағымды құқықтық ая қалыптастыру бойынша құрылымдық ұсыныстар жолдауға шақырды.