Жүйеге кіру
ЕЭК-да еңбек етушілерді әлеуметтік қорғау және ЕАЭО-да еңбек ресурстарының бірыңғай нарығында кедергілерді жою мәселелері талқыланды.

ЕЭК-да еңбек етушілерді әлеуметтік қорғау және ЕАЭО-да еңбек ресурстарының бірыңғай нарығында кедергілерді жою мәселелері талқыланды.

11.04.2018

Мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін әлеуметтік қамтамасыз ету, зейнеткерлік құқықтарын сақтау, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі Консультативтік комитеттің төртінші отырысында кеңес берудің қорытындылары бойынша ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Шарттың жобасы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің позицияларын жақындастыруға мүмкіндік берілді.

Іс-шара Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржылық саясат жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) Тимур Жақсылықовтың төрағалығымен өтті.

«Еңбек етушілерді зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт еуразиялық интеграциялық бірлестіктің негізін қалаушы «бостандықтарының» бірі - ЕАЭО кез келген елінде жұмыс істеп, зейнетақыға арналған құқықты алуды және іске асыруды толық көлемінде қамтамасыз етеді. Сондықтан оны тезірек қабылдау Комиссия мен мүше мемлекеттердің жұмысының келешегі бар бағыты болып табылады», - деп атап өтті ЕЭК министрі.

Консультативтік комитеттің отырысында шарттың жобасын іске асырудың тетіктері де қарастырылды. Атап айтқанда, қазіргі таңда ЕАЭО мүше мемлекеттерінің еңбек етушілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Шартты пайдалану Тәртібінің жобасымен жұмыс жалғастырылуда.

Тәртіп жобасын талқылаудың қорытындылары бойынша мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Шарт күшіне енген күннен бастап оның әрекет ете бастау қажеттілігін ескере отырып осы бағыт бойынша жұмысты жандандыру шешімі қабылданды.

Консультативтік комитеттің отырысында жұмысқа орналасатын мемлекеттің заңнамасымен белгіленген білім беру туралы құжаттарды тану ресімдерінен өтусіз, Одақтың басқа елінде педагогикалық, заң, медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға талаптанатын азаматтарға мүше мемлекеттердің білім беру ұйымдары (білім беру мекемелері, білім беру саласындағы ұйымдар) берген білім беру туралы құжаттарды тану, сондай-ақ ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды тану мәселелері талқыланды.

Отырысқа қатысушылар атап өткендей, ЕАЭО туралы шартта көзделген осы салалардағы алулар, Одақ елдерінің азаматтары болып табылатын еңбек етушілердің әлеуетін толық көлемде қолдануға мүмкіндік бермей, олар үшін осы кәсіптердің бірыңғай еңбек нарығындағы тартымдылығын төмендетеді.

Осы салада Одақтың азаматтары жұмысқа орналасқан кезде мүше мемлекеттерде берілген білімі туралы құжатты растау ресімін жақсарту, сондай-ақ ғылыми дәреже және ғылыми атақтар туралы құжаттарды тану (баламалылық) мәселелерін пысықтау мақсатында әрбір бағыт бойынша жұмыс топтарын құру шешімі қабылданды.

Бұдан бөлек, Консультативтік комитеттің отырысында, еңбек етушілер мен олардың отбасы мүшелеріне жұмысқа орналасу мемлекетінің азаматтарымен тең дәрежеде кепілдік беруді ескере отырып, ММС жүйесі енгізілмеген Одақ елдерінің еңбек етушілері мен олардың отбасы мүшелерін медициналық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ Одақ мемлекеттердің еңбек етушілері мен олардың отбасы мүшелеріне міндетті медициналық сақтандыру (ММС) шеңберінде медициналық көмек көрсету мәселелері қарастырылды.

Консультативтік комитеттің мүшелері аталған мәселелерді сарапшы деңгейде қарастыру туралы уағдаласты.

Талқыланған басқа мәселе - Одаққа мүше мемлекеттердің азаматтық әуе кемесінің жазғы экипажы құрамында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін мүше мемлекеттерінің азаматтарынан шектеулерді алып тастау.

«Мүше мемлекеттердің ішкі еңбек нарығын қорғау үшін ұлттық белгі бойынша барлық шектеулерді алып тастаған маңызды. Бұл арада, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) барлық талаптары мен стандарттарын ұстану сөзсіз болып табылады», – деп атап өтті ЕЭК министрі Тимур Жақсылыков.

Консультативтік комитеттің мүшелері жұмысқа орналасу мемлекетінде еңбек қызметін жүзеге асырған кезде ЕАЭО мүше мемлекеттерінің азаматтары болып табылатын кәсіпқой спортшыларға қатысты шектеулер қолданбау туралы мәселені де қарастырды.

Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасының өкілдері қазіргі уақытта елдерде ЕАЭО елдерінің азаматтары - спортшыларына қатысты заңнамалық деңгейде қандай да бір шектеулер қойылмағанын растады.

Ресей Федерациясының өкілі хабарлағандай, РФ заңнамасы және ведомстволық нормативтік құжаттары мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын кәсіпқой спортшылардың Ресейдегі дене шынықтыру-спорттық ұйымдарында жұмыс істеу құқықтарын шектемейді.

Дегенмен, Консультативтік комитеттің мүшелері ресей заңнамасына енгізілген өзгерістер Ресей Федерациясында Одаққа мүше мемлекеттер спортшыларының еңбек қызметі үшін кедергі тудыратынын атап өтті.

Талқылау нәтижелері бойынша ресейлік тараптан осы кедергіні жою үшін қабылданатын шаралар туралы Комиссияны хабардар етуін сұрау шешімі қабылданды.

Сөз соңында Тимур Жақсылықов Одақтың елдеріне мүше мемлекеттердің еңбек етушілерінің еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау саласындағы интеграциясын дамытудың жаңа келешегі бар бағыттарын қарастыруды, соның ішінде ЕАЭО цифрлық күн тәртібіне мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін әлеуметтік қамтамасыз ету, зейнеткерлік құқықтарын сақтау, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметі саласындағы интеграциялық бастамаларды қосуды ұсынды.

Отырысқа Одақ елдерінен Консультативтік комитеттің мүшелері, биліктің уәкілетті органдарының өкілдері және мүше мемлекеттердің, Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының сарапшылары және басқалары қатысты.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін әлеуметтік қамтамасыз ету, зейнеткерлік құқықтарын сақтау, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі Консультативтік комитет Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 36 шешіміне сәйкес құрылған.

Консультативтік комитеттің құрамы Комиссия Алқасының 2018 жылғы 18 шілдедегі № 86 өкімімен бекітілді.

Комитет мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін әлеуметтік қамтамасыз ету, зейнеткерлік құқықтарын сақтау, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметі саласындағы келісілген саясатты өткізу мәселелері бойынша ЕЭК консультативтік органы болып табылады. Саясаттың мақсаты - мүше мемлекеттердің еңбек етушілерінің Одақтағы еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін тең шарттарды қалыптастыру, осы салада уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасауының тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау мәселелері бойынша Комиссия үшін ұсынымдар дайындау.

2017 жылғы мамырда Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы» 2017 жылғы 11 мамырдағы № 47 шешімі қабылданды, ол арқылы Комиссия Алқасы мүше мемлекеттерді 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың басқа мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын кәсіпқой спортшылардың жұмысқа орналасу мемлекетінің дене шынықтыру-спорт ұйымдарында (дене шынықтыру және спорт ұйымдарында) жүзеге асыратын еңбек қызметіне қатысты 97-бабының 2-тармағын орындау қажеттілігі туралы хабардар етті.