Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян: «Жеңіс күні баршамызға біздің ортақ экономикалық жобамыз – Еуразиялық одақтың үлкен келешегіне үміт береді»

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян: «Жеңіс күні баршамызға біздің ортақ экономикалық жобамыз – Еуразиялық одақтың үлкен келешегіне үміт береді»

11.05.2016

10 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кезекті отырысында ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның басшылығымен интеграция және макроэкономика, сауда, экономика және қаржы саясаты, ішкі нарықтар, техникалық реттеу, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мәселелер қаралды.

Отырысты аша отырып, Тигран Саркисян оған қатысушыларды және олардың атынан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің барлық тұрғындарын Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 71 жылдығымен құттықтады. «Бұл Одақтың барлық елдерінің азаматтары үшін естелік күні, –  деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы. – Біздің аталарымыз бен бабаларымыз ортақ жауға қарсы бірігіп, фашизмге қарсы күрестегі қиындықтарға төтеп берді». Тигран Саркисянның айтуынша, Жеңіс күні – батырлық пен қаһармандықтың нышаны ғана емес, соғыссыз бейбітшілік үшін ата-бабаларымыздың даңқын арттыруға табандылықпен күресуге шақыратын күн. «Бұл біздердің бірлесе отырып, ең күрделі кедергілерді еңсеретініміздің және көп нәрсеге қол жеткізе алатынымыздың жарқын тарихи растауы. Жеңіс күні белгілі бір мағынада бізге біздің ортақ экономикалық жобамыз – Еуразиялық одақтың үлкен келешегіне үміт береді», -деп атап өтті Комиссия Алқасының басшысы.