Жүйеге кіру
ЕЭК Израильмен аграрлық инновациялық технологиялар бойынша ынтымақтастықты дамытады

ЕЭК Израильмен аграрлық инновациялық технологиялар бойынша ынтымақтастықты дамытады

11.06.2020

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің агроөнеркәсіптік кешеніне жаңа технологияларды ендіру бойынша салалық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалянның Израильдің Сыртқы істер министрлігі мен Экспортты және кооперацияны дамыту институтының жәрдемімен бірқатар израильдік ұйымдар өкілдерімен кездесуі болып өтті.

 

Израиль тарапы AgriTask, Teshuva Agricultural Projects, Aqua MAOF, Tama Group, Green Seeds және Terra Verde Agriculture компаниялары атынан Одақ мемлекеттерінде акваөсіру, жылыжай кешендері, тұқым шаруашылығы, ақпараттық платформалар және т.б. салаларда ендіру үшін перспективалы инновациялық технологияларды ұсынды.

 

Кездесуге қатысушылар ЕЭК пен Израильдің Экспортты және кооперацияны дамыту институтының бұдан арғы өзара іс-қимылы, инновациялық-технологиялық салада кооперацияны нығайту туралы уағдаласты.​