Жүйеге кіру
ЕЭК Еуразиялық экономикалық комиссия мен Корея Республикасының Әділетті сауда бойынша комиссиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды әзірлейді

ЕЭК Еуразиялық экономикалық комиссия мен Корея Республикасының Әділетті сауда бойынша комиссиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды әзірлейді

09.09.2014

2 – 7 қыркүйек аралығында Сеулде (Корея Республикасы) болып өткен, 8-нші Халықаралық бәсекелестік форумының шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов Корея Республикасының Әділетті сауда бойынша комиссия Төрағасы Нох Дае Лае мырзамен кездесті. Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық комиссия мен Корея Республикасының Әділетті сауда бойынша комиссиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды әзірлеу және қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.

Кореяның Монополияға қарсы ведомство басшысы Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) аумағындағы «Бәсекелестік туралы» Модельді заңның қабылдану маңыздығы мен заманауилығын, бәсекелестік саясаттың жүргізілетін экономикалық саясаттың жалпы беталыстарына сәйкес келу қажеттігін атап өтті, сонымен қатар монополияға қарсы ведомство басшыларының мәртебесі мен өкілеттігінің үлкен мәнін ерекшелеп өтті. 

Корея Республикасына жұмыс сапары барысында  ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергеновтің басшылығымен ЕЭК делегациясы 8-нші Халықаралық бәсекелестік форумына, сонымен қатар 18-нші бәсекелестік саясат бойынша халықаралық жұмыс тобының отырысына қатысты. 

Форум әлемнің жетекші бәсекелесті ведомстволарының басшыларын, сонымен қатар Ирландия, Венгрия, Ресей, АҚШ, Жапония және т.б. бәсекелестік саясатының саласындағы сарапшыларды жинады. Қатысушылар зияткерлік меншік құқықтарын теріс пайдаланатын, шаруашылық жүргізетін субъектілерге қатысты («патенттік тролльдар») бәсекелестік туралы заңның қолданылу мәселелерін; мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты бәсекелестік саясатының қасақана еместігін; Азия елдеріндегі бәсекелестік бойынша заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады, сонымен қатар бәсекелестік саясаттың аса өзекті мәселелері бойынша тәжірибемен алмасты.

«Бәсекелестік саясатын дамыту үшін бәсекелестік туралы заңнаманы жетілдіру» Бәсекелестік саясат бойынша жұмыс тобының 18-нші отырысының 3-нші сессиясында ЕЭК Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алулар саласындағы саясат департаментінің қызметкері Василина Задкова «Еуразиялық экономикалық кеңістік аумағында тең бәсекелестік жағдайын қамтамасыз етудің құқықтық аспекттері» атты баяндама жасады. 

ЕЭК өкілі Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің бағыттары; Бәсекелестік реттеу саласындағы комиссияның өкілеттіктері; Бәсекелестік туралы модельдік заңның Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы-елдердің заңнамасын үйлестіру барысындағы рөлі және оның негізгі ережелері; Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында монополияға қарсы заңнаманың қолданылуының негізгі нормалары; еуразиялық ықпалдастықты дамыту фонында бәсекелестік саласындағы халықаралық өзара әрекеттестікті дамыту келешектері туралы әңгімеледі.

Баяндаманы талқылау барысында сессияға қатысушылар зияткерлік меншік құқықтары туралы дауларды реттеу кезінде монополияға қарсы заңнаманың қолданылу маңыздығын, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық комиссияның әділетсіз бәсекелестік жағдайларды реттеу қызметін дамыту маңыздығын атап өтті.