Жүйеге кіру
ЕЭК тазартқыш комбайндарға және көмір өндіруге арналған қазба жүргізгіш машиналарға баж салығын жоғарылатты

ЕЭК тазартқыш комбайндарға және көмір өндіруге арналған қазба жүргізгіш машиналарға баж салығын жоғарылатты

11.09.2015

10 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кезекті отырысында сауда-саттық, кеден ынтымақтастығы, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу саласындағы мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, ЕЭК Алқасы тазартқыш комбайндар мен қазба жүргізгіш машиналарға әкелу кеден баждарын олардың кедендік құнының 0% бастап тиісінше 7,5% және 2%пайыздарға жоғарылатуға шешім қабылдады.

«Әдеттегідейбұл арнайы жобаластырылған машиналар,сондықтан да олардың техникалық параметрлері нақты тапсырыстарға тәуелді боладыбір машинаны жасап шығарудың мерзімі 4-5 айды құрайды, – деді ЕЭК сауда жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Андрей Слепнев. – Дайын өнімдерге баж ставкаларын жоғарылата отырыпбізЕуразиялық экономикалық одақтағы осындай өндірістерді кеңейтуге қосымша ынталандырма жасауға талпынамыз».

Сонымен қатарЕЭК Алқасы Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, бағамдық реттеу және мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар жөніндегі Консультативтік комитетінің құрамына жаңа мүшелер – Армения мен Қырғызстанның өкілдерін қосты. Комитеттің негізгі міндеттері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өкілдеріне консультациялар өткізіп отыру және ЕЭК үшін аталған саладағы ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Сонымен қатар, Алқа ЕЭО сыртқыэкономикалық қызметтің бірыңғай Тауар номенклатурасының 8205 тауар позициясына кәсіпқой монтаждау көбігіне арналған пистолетті квалификациялады. Отырыста айтылғандай, бұл Одақтың елдерінде Тауар номенклатурасының біркелкі түсіндірілуін қамтамасыз ету үшін қажет болады.​