Жүйеге кіру
«Грекия – ЕАЭО» форумы Еуропаның ЕАЭО-мен ынтымақтастығының жаңа форматын іске қосты

«Грекия – ЕАЭО» форумы Еуропаның ЕАЭО-мен ынтымақтастығының жаңа форматын іске қосты

11.09.2017

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян 11 қыркүйекте Салоникада (Грекия) жұмысын бастаған «ЕАЭО – Грекия: ынтымақтастық және дамудың жаңа көпірі» Іскерлік форумын аша отырып, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Грекия кәсіпкерлері арасында тікелей іскерлік байланыстарды кеңейту мүмкіндігі, жоғары технологиялық салалардағы ынтымақтастыққа ауысу және бірлескен кәсіпорындар құру туралы мәлімдеді.

«ЕАЭО елдері Одақтың Еуропадағы негізгі сауда әріптестерінің ондығына кіретін Грекиямен ертеден және тұрақты экономикалық байланыс орнатқан, – деп атап өтті Тигран Саркисян. – Сондықтан Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, біздің бес елдің бизнес-қоғамдастығы мен грек кәсіпкерлері ынтымақтастықтың практикалық аспектілерін талқылай алатын диалог алаңдарын құру аса маңызды». Солардың бірі - 2017 жылғы ақпандағы кездесу барысында ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрас өткізу туралы уағдаласқан «ЕАЭО – Грекия» іскерлік форумы болуы мүмкін. Тигран Саркисянның пікірі бойынша, бұл маңызды және дер кезіндегі бастама. Форум Грекия да, ЕАЭО елдері де экономикалық өсу фазасына енген сәтте өтіп жатыр.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Еуразиялық кеңістікте жаңа экономикалық шынайылықты – Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру – өзара іс-қимылдың қатып қалған практикасын өзгертетініне, іскерлік әріптестерге, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өздеріне жаңа талаптар мен мүмкіндіктер құратынына форумға қатысушылардың назарын аударды. Тигран Саркисянның пікірі бойынша, Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ ұсынатын басымдықтар – бірыңғай техникалық регламенттер, кедергісіз орта, тауарлардың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы, бірыңғай қызметтер көрсету нарығын құруға бағдар туралы жиірек айтуы, – өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісуі және ЕАЭО ортақ нарықтарының жұмыс істеу қағидаттарын түсіндіруі қажет. Мұны түсіну 2017 жылы тамызда ЕЭК пен Грекия үкіметі арасында ынтымақтастық туралы декларацияға қол қоюдың маңызды себептерінің бірі болды. Мұндай форумдар «біз өзіміздің өзара іс-қимылымыздың жалпы көрінісін қалыптастыра алатын, соның ішінде инновациялық әзірлемелер, цифрлық технологиялар салаларында және басқа ғылыми-техникалық прогрестің перспективалық бағыттарында одан әрі ынтымақтастықтың стратегиясын құруды бастайтын» өзіндік «жинақтау нүктесіне» айналуы мүмкін.

ЕЭК Алқасының Төрағасы сонымен бірге форумға қатысушылардың назарын әлемдік экономиканың жаңа трендтеріне аударды. «Әлемнің экономикалық дамуының сан тараулығы және әртүрлілігі әрбір елді жеке алғанда салыстырмалы басымдықтардың капитализациясы үшін таң қаларлық талаптар құрады. ЕАЭО, осы көзқарас тұрғысында – керемет үлгі: аумақтары және халық саны, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі әртүрлі және экономика құрылымы жағынан аздап ерекшеленетін бес ел әрбір қатысушысының экономикалық өсуі және дамуы үшін жағдай жасайтын бірыңғай экономикалық бірлестік құрды. Бұл айырмашылықтар мен әртүрлілік өсудің көзі болуы мүмкін екенін көрсететін қазіргі заманғы феномен», – деп есептейді Тигран Саркисян.

Грек Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Георгиос Катругалос Грекия экономикасы өсімге қайта оралғанын және ЕАЭО елдерімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту айрықша мәнге ие болуда деп мәлімдеді. Грекияның географиялық жағдайы оның Еуропа мен Азия арасында әріптестік көпіріне айналуына мүмкіндік береді. Ол өзінің сөзін «Біз тәжірибе алмасқымыз, экономиканың әртүрлі салаларында сауда жасағымыз және сәтті кооперациялық жобаларды құрғымыз келеді, бірақ бұл үшін бізге бір-бірімізді жақсы біле түсуіміз қажет», – деп ынтымақтастыққа шақыра аяқтады.  

Ресей Федерациясының Көлік министрі, Ресей-Грекия үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Максим Соколов форумға қатысушылардың назарын ЕАЭО мен Грекия мүшесі болып табылатын Еуроодақтың тиімді Еуразиялық көлік жүйесін құру және Лиссабоннан бастап Владивостокқа дейін бірыңғай экономикалық кеңістік құру мәселелерінде ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндігі бар екеніне аударды. Бұл үшін, Ресей Көлік министрінің пікірінше, барлық алғышарттар бар, себебі көлік саласы өзінің ұлтүсті табиғатының күшімен баяғыда-ақ мемлекеттік шекаралардан асып кеткен. Трансконтиненталды көлік дәліздерін қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыс әлемдік шаруашылық құрылымын оңтайландыруға ықпал ететін болады: шикізат көздеріне, жаңа өткізу нарықтарына қолжетімділік кеңейеді, ЕАЭО және еуропалық елдер арасында тауар айналымы артады. Бұл үшін Одақ елдері ішкі тосқауылдарды алып тастау және көлік қызметтерін көрсетудің ортақ Еуразиялық нарығын қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс атқарды.

Жалпы сессия аяқталғаннан кейін форумға қатысушылар жұмысты дөңгелек үстелдерде және пікірсайыс панельдерінде жалғастырды. Энергетика, көлік қызметтерін көрсету, логистикалық инфрақұрылымды, аграрлық және өнеркәсіптік өндірісті дамыту, Одақ елдеріне жеткізілетін өнімдерді қазірдің өзінде қолданыстағы және әзірленіп жатқан техникалық реттеу, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау нормаларына бейімдеу саласында өзара іс-қимылдар, сондай-ақ Грекияның ЕАЭО-мен сыртқы экономикалық өзара іс-қимылының сапалы жаңа деңгейін қалыптастыру үшін инновациялық идеяларды іздеу- талқылаудың негізгі тақырыптары болды.  

Іс-шараларға ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский, ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Валерий Корешков, Ресей Федерациясының Көлік министрі Максим Соколов, Армения Республикасы Экономикалық даму және инвестициялар министрінің орынбасары Оганес Азизян, Грек-Ресей қатынастары Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Димитриос Баколас, Армения Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының президенті Арсен Казарян, Грек Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Георгиос Катругалос, Грек Республикасы Экономика және даму министрінің орынбасары Стергиос Пициорлас, Грекия Экономика және даму министрлігі стратегиялық және жеке инвестициялар бойынша бас хатшысы Лоис Лабрианидис, «Бірлескен кеме жасау корпорациясы» АҚ президенті  Алексей Рахманов, Солтүстік Грекия Өнеркәсіпшілер федерациясының төрағасы Афанасиос Саввакис, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты, Ресей Өңірлік банктер қауымдастығының президенті Анатолий Аксаков, «Росконгресс» қорының директоры Александр Стуглев, ЕАЭО елдерінің Грекиядағы елшілері және Одақ елдерінің, Грекияның, сондай-ақ Қытайдың мемлекеттік билік және бизнес топтарының өкілдері қатысты.

Форум Салоники қаласында тоқсан жылдан астам уақыттан бері өткізіліп келе жатқан Грекияның маңызды экономикалық іс-шарасы – жыл сайынғы көпсалалық T.I.F. 2017 көрме-жәрмеңкесі шеңберінде өткізілді. Биылғы жылы жәрмеңкенің құрметті қонағы – Қытай Халық Республикасы. Бұл «ЕАЭО – Грекия: ынтымақтастық және дамудың жаңа көпірі» іскерлік форумының қатысушылары мен қонақтары үшін Еуропа мен Азия арасындағы табиғи көпір және хаб ретінде Еуразиялық кеңістік идеясын іске асыра отырып, тек еуропалық қана емес, сонымен қатар азиялық әріптестермен де іскерлік байланыстарды жолға қоюға мүмкіндік береді.

Форумның ұйымдастырушылары Еуразиялық экономикалық комиссия, «Росконгресс» қоры, Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы, Enterprise Greece, Helexpo болып табылады.​