Жүйеге кіру
Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Р. Ақбердин «БЭК және Бизнес-диалог: алдағы ынтымақтасу перспективалары» дөңгелек үстеліне қатысты

Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Р. Ақбердин «БЭК және Бизнес-диалог: алдағы ынтымақтасу перспективалары» дөңгелек үстеліне қатысты

11.12.2012

5 желтоқсан күні Астана қаласында Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Рустам Ақбердин «БЭК және Бизнес-диалог: алдағы ынтымақтасу перспективалары» дөңгелек үстеліне қатысты. Дөңгелек үстелді Қазақстанның «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы ұйымдастырған болатын.

Дөңгелек үстелге «Атамекен» одағы, Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы, Беларусь Республикасының өнеркәсіп кәсіпорындары «БелАПП» қауымдастығы, сондай-ақ Қазақстанның Экономикалық даму және сауда министрлігінің өкілдері қатысты.

Р. Ақбердин Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитет пен Белорус-Қазақстан-Ресей бизнес-диалогымен арадағы тиімді форматтағы ынтымақтастықты құру мәселелеріне арналған баяндамасымен сөз сөйледі.

«Мүдделі болатын тараптардың барлығына да диалог жасауға Комиссияның есігі ашық. Біз ұлттық бизнес-қауымдастықтардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін онда кедергілердің болуы тұрғысында комиссия актілерінің жобаларын талдау кезінде ең маңызды саналатын кері байланысты құруға сеніп отырмыз», - деді департамент директоры.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің өкілдері техникалық реттеу мен кедендік әкімшілендіру мәселелеріне арналған тақырыптық секциялардың пленарлық пікірталастарына қатысты.

Департаменттің өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитеттің 14 желтоқсанға жоспарланған алғашқы отырысына әзірлену мақсатымен осы форумға қатысты.