Жүйеге кіру
Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Р. Ақбердин «БЭК қызметтердің сауда-саттығы және инвестициялар» құқықтық форумына қатысты

Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Р. Ақбердин «БЭК қызметтердің сауда-саттығы және инвестициялар» құқықтық форумына қатысты

11.12.2012

6-7 желтоқсан күндері Минск қаласында Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Рустам Ақбердин «БЭК қызметтердің сауда-саттығы және инвестициялар» құқықтық форумында қатысты.

Форумға Беларусь Республикасының Ұлттық жиналысы палаталары, Беларусь Республикасының Экономика министрлігі, бизнес-қауымдастықтар, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер, жеке коммерциялық ұйымдар мен заңгерлік фирмалардың өкілдері қатысты.

Іс-шараның барысында Р. Ақбердин мен Кәсіпкерлікті дамыту Департаментінің қызметкерлері Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердегі Қызметтер сауда-саттығы және инвестициялар туралы Келісімнің орындалуына мониторинг өткізудің жүзеге асырылу барысы, жетілдірілу мүмкіншіліктері және перспективалары туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар Департамент өкілдері форумға қатысушыларды Кеден одағы мен БЭК ортақ кеден аумағында этил спирті мен алкогольдік өнімдерді өндіру және олардың айналымы туралы Келісім жобасын әзірлеудің аралық нәтижелері туралы хабардар етті.

Департаменттің өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитеттің 14 желтоқсанға жоспарланған алғашқы отырысына әзірлену мақсатымен осы форумға қатысты.