Жүйеге кіру
Адамқұл Жүнісов халықаралық көліктік форумының пленарлық сессиясында көлік саласының цифрлық трансформациялануын ұсынды

Адамқұл Жүнісов халықаралық көліктік форумының пленарлық сессиясында көлік саласының цифрлық трансформациялануын ұсынды

day2_section7_11.jpg
11.12.2017

«Цифрландыру» негізгі технологиялық тренд болып қана қоймай, қоғамдағы, саудадағы және тауар нарықтарындағы, өнеркәсіптегі, көліктегі, қызметтер саласындағы жаһандық өзгерістердің катализаторы болып қалыптасты», – деп мәлімдеді «Көліктік апта-2017» халықаралық форумының пленарлық пікірталасында сөз сөйлеген Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр)  Адамкул Жунусов.

Ол цифрлық күн тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ең маңызды деген басымдылықтарының бірі болып табылатындығын және де Одақ елдерінің Көлік саясатының негізгі бағыттарында көрініс тапқандығын атап өтті.   Соны іске асыру жөніндегі «жол карталарында» көліктің барлық түрлері үшін электронды құжатайналымға көшу жөніндегі іс-шаралар, зияткерлік көлік жүйелерінің және көлік құралдарын электронды түрде диагностикалауды, «бірыңғай терезені» және цифрлық логистиканы іске қосу қарастырылған.

Панельдік пікірталаста сонымен бірге сөз алғандар -  Қырғыз Республикасының көлік және жолдар министрі Жамшитбек Калилов, Латвияның байланыс министрі Латвии Улдис Аугулис, Моңғолияның жолдарды және көлік дамыту министрі Жадамбын Бат-Эрдэнэ, ҚХР көлік министрінің орынбасары Дай Дунчан, Ресей Федерациясы көлік министрінің орынбасары Алан Лушников, Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин, ШЫҰ бас хатшысы Рашид Алимов, БҰҰ ЭСКАТО атқарушы хатшысының орынбасары Хахм Хонгжу, ЕЭК БҰҰ тұрақты тасымалдау бөлімі директорының м.а. Вальтер Нисслер, «Ресей темір жолдары» ААҚ бас директорының бірінші орынбасары Александр Мишарин.