Жүйеге кіру
ЕАЭО алғашқы цифрлық бастамалары енді іске қосылуды күтіп тұр

ЕАЭО алғашқы цифрлық бастамалары енді іске қосылуды күтіп тұр

11.12.2017

«Таяу уақытта цифрлық қадағалауға байланысты болатын Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) цифрлық күн тәртібін іске асырудың шеңберінде алғашқы жоба іске қосылатын болады. Ол ең алдымен сауда саласында, және әрине мемлекеттік органдар үшін өзара цифрлық алмасу және өзара жұмыс істеуге қолайлы жағдайлар  жасайды», – бұл туралы IV Еуразиялық экономикалық  конгресте Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян хабарлады.

Министрдің айтуынша, цифрлық қадағалаушылық ісі бизнеске, тұтынушыларға және мемлекеттік органдарға өндірістен бастап сатып алушыға дейінгі тауардың барлық жолын байқауға және де сол тізбектің барлық қатысушыларының өзара жұмыс істеуін жеңілдетуге мүмкіндік туғызады.

Карине Минасян 11 қазанда ЕАЭО елдерінің президенттері 2025 жылға дейін Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың Негізгі бағыттарын бекіткенін еске салды. «Құжат еуразиялық интеграцияланудың жаңа цифрлық бетін ашып берді, – деді ЕЭК министрі. – Онда біз цифрлық интеграцияланудың шекараларын айқындап алдық. Яғни, біз цифрлық күн тәртібін тап қай жерде іске асыратынымызды шешіп алдық. Сонымен бірге іске асырудың тетіктері егжей-тегжейлі жазылған. Күн тәртібін жедел әрі сенімді тәсіл – бастамалар арқылы іске асыруға шешімі жасалды».

Одақтың өнімдерінің, тауарларының, қызметтері мен цифрлық активтерінің цифрлық қадағалануы – бастамалар үшін артықшылықтардың алғашқысы. Бүгінде барлығы алтау бекітілген. Тағы бесеуі, олар: цифрлық сауда, цифрлық көліктік дәліздер, цифрлық өнеркәсіптік кооперация, деректер айналымы туралы келісім, реттемелі «құмсалғыш» жүйесі.

Жорамалды есептемелер бойынша, ЕАЭО бірлескен цифрлық күн тәртібінің іске асырылуы Одаққа жылына ІЖӨ 1% қосымша өсімін әкелетін болады, сондай-ақ 2025 жылға қарай 8 млн жаңа жұмыс орындарын ашатын болады. Оған қоса, күштердің бірігуі ЕАЭО елдеріне жаһандық цифрлық нарықтың толық құқылы қатысушысы болуға мүмкіндік береді.

Карине Минасян сараптамалық және бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерін цифрлық күн тәртібін іске асырудың бастамаларын және жобаларын талқылауға қатысуға әрі өздерінің бастамаларын да ұсынуға шақырды.  «Кез келген азамат немесе кәсіпкер, бизнес немесе мемлекеттік орган ЕЭК алаңына өздерінің бастамаларымен келе алады, және біз оны бекітілген тәртіп бойынша міндетті түрде қарайтын боламыз», – деді Карине Минасян.