Жүйеге кіру
ЕАЭО Соты легионер-спортшылардың еңбек қатынастары туралы пікірсайысқа нүкте қойды

ЕАЭО Соты легионер-спортшылардың еңбек қатынастары туралы пікірсайысқа нүкте қойды

Depositphotos_71076033_s-2015.jpg
11.12.2018
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өтініші бойынша Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) Соты 7 желтоқсанда Одаққа мүше мемлекеттердің спорт клубтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшыларға қатысты ЕАЭО туралы шарттың 97-бабының 2-тармағының ережелерін қолдану туралы қорытынды шығарды.

ЕАЭО туралы шарттың 97-бабының 2-тармағына сәйкес Одақ елдері мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне қатысты өз заңнамасында көзделген шектеулерді белгілемейді және қолданбайды. Бұған ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында белгіленген шектеулер қосылмайды.

ЕАЭО Соты мүше мемлекеттердің ЕАЭО туралы шарттың 97-бабының 2-тармағын кәсіби спортшылардың еңбек қызметін жүзеге асыруына қатысты қолданбауы ЕАЭО шеңберінде еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыру мақсатына қол жеткізуді күрмейтін тосқауыл болып табылады деген қорытындыға келді.

Бұдан басқа, ЕАЭО Соты Үлкен алқасының пікірі бойынша, мүше мемлекеттер ЕЭК шешімдерін орындауға міндетті, ал олармен келіспеушілік болған кезде - бұл шешімдерге белгіленген тәртіпте шағым жасауға құқылы. Заңды күшіне енген және белгіленген тәртіпте дау айтылмаған Комиссия шешімдерін орындамау ЕАЭО туралы шартпен үйлеспейді.