Жүйеге кіру
Тигран Саркисян: «Нағыз дипломаттың айрықша тұлғалық қадір-қасиеті болуға тиіс»

Тигран Саркисян: «Нағыз дипломаттың айрықша тұлғалық қадір-қасиеті болуға тиіс»

11.12.2019

Дипломатиялық дағдылар, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) сияқты бірлестікті қалыптастыру кезеңінде қағидатты тұрғыда маңызды. Алайда көрнекті кеңес дипломаты Андрей Громыконың өмір тәжірибесі кәсіби білімге ғана емес, сонымен қатар бірқатар жеке қасиеттерге ие болудың маңызды екенін айғақтайды. Бұл туралы А. А. Громыко атындағы Сыртқы саяси зерттеулер қауымдастығының жалпы жиналысында және оның туғанына 110 жыл толуына орайластырылған конференцияда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мәлімдеді. Іс-шара Мәскеу қаласында Ресей СІМ ММХҚИ-да өтті.

«Андрей Громыконың посткеңестік кеңістіктегі аса көрнекті тұлға екендігі сөзсіз, ол елдің есінде. Бұл - посткеңестік елдердің дипломатиялық ведомстволары мұрагерлері болып табылатын кеңестік дипломатиялық мектепті қалыптастыру процесіне өте елеулі ықпал еткен әйгілі дипломат, саяси қайраткер», – деп атап өтті Тигран Саркисян.

Андрей Громыко туралы естеліктер оны аса жоғары деңгейдегі кәсіби маман ретінде ғана емес, сонымен бірге, істес болуға лайық адам ретінде сипаттайды. «Дипломатияда сенімділік қарым-қатынастарын құру қағидатты тұрғыда өте маңызды. Тіпті ең қиын және даулы мәселелерге тап болған жағдайдың өзінде оларды парасатты адаммен талқылаған кезде шешім табу оңайырақ», – деп атап көрсетті Тигран Саркисян.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Комиссия мен Андрей Громыко атындағы қауымдастық арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары туралы әңгімеледі. Ол ЕЭК қызметінде дипломатиямен өзара байланысты және олардың шеңберінде өзара іс-қимыл неғұрлым жемісті болуы мүмкін екі трек бар деп санайды.

Біріншіден, бұл ішкі трек: бес тәуелсіз мемлекет жаңа халықаралық ұйым - ЕАЭО құрды. Оның қатысушыларының өзара іс-қимылы халықаралық тәжірибе мен басқа өңірлік экономикалық бірлестіктердің тәжірибесін ескеру негізінде де, сол сияқты іргелі жаңа тәсілдемелер негізінде де құрылады. Бұл ретте барлық бес ел үшін ортақ күн тәртібін қалыптастыру және оны жүзеге асыру қажет. ЕАЭО-ға қатысушы елдер экономикаларының әртүрлі ауқымын ескере келгенде, бұл әрдайым оңай бола қоймайды. Осы мағынада дипломатиялық дағдылар әрі өзара қолайлы шешімдер мен түйіндер табу өте маңызды.

Екінші бағыт - сыртқы тректер. ЕЭК бес елдің атынан үшінші елдермен және бірлестіктермен сауда-экономикалық келіссөздер жүргізеді. Одақтың бес елі тұрақты жұмыс істейтін ұлтүсті орган ретінде Комиссияға өздерінің ұлттық өкілеттіктерінің бір бөлігін берді. Сыртқы тректің ерекшелігі - үшінші елдермен және бірлестіктермен келіссөздер жүргізу кезінде Одаққа қатысушы бес елдің атынан барлық елдердің мүдделерін барынша ескеру және іске асыру қажет болады.

Сыртқы тректе ұсыну әрі қорғау үшін Одақ елдерінің мүдделерін және күтетіндерін шоғырландыру ерекше дипломатиялық дағдылар мен іскерлікті, кәсібиліктің ерекше деңгейін талап етеді. Сондай-ақ, Андрей Громыконың дипломатиялық мектебінің дәстүрі шеңберінде бағаланған және бағаланатын – парасаттылықты талап етеді.

ЕЭК Алқасының төрағасы Одақтың күн тәртібін іске асыру мақсатында ЕЭК-тің Қауымдастықпен ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге дайын екендігін атап өтті.

Ресей СІМ ММХҚИ ректоры Анатолий Торкунов өз сөзінде Андрей Громыконың есімімен тарихтың шын мәнінде маңызды қабаттары байланысты екенін атап өтті. Іс жүзінде әңгіме дипломат үшін бірегей өмірбаян туралы болып отыр, ол 34 жасында АҚШ-тағы елші болды және екі полярлы әлемде тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет болған жағдайда үш онжылдыққа жуық кеңес дипломатиясының басшысы лауазымында болды.

Анықтама

1944 жылы КСРО-ның АҚШ-тағы елшісі Андрей Громыко Біріккен Ұлттар Ұйымын құру мәселесі бойынша АҚШ-тағы Халықаралық конференцияда кеңестік делегацияны басқарды. Тегеран конференциясын дайындауға, 1945 жылы Ялта конференциясын дайындауға және өткізуге қатысты және сол жылы Сан-Францискода (АҚШ) өткен конференцияда КСРО атынан БҰҰ Жарғысына қол қойған делегацияны басқарды. Андрей Громыко БҰҰ Бас Ассамблеясының 22 сессиясында КСРО Мемлекеттік делегациясының құрамына кірді, содан кейін делегацияны басқарды. 1940-жылдардың соңынан бастап Андрей Громыко КСРО мүддесі үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде 20-дан астам рет вето құқығын пайдаланды, сол себепті алдымен дипломатиялық ортада, кейін баспасөзде «Мистер Жоқ» деген лақап атқа ие болды. Саяси мансабын 1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Төрағасы - кеңес мемлекетінің рәсіми басшысы лауазымында аяқтады.

Конференция барысында жетекші сарапшылар мен дипломаттар Андрей Громыконың дипломатиялық мұрасы мен қырғи-қабақ соғыс сабақтарын, Еуропалық және жаһандық қауіпсіздік жүйесінің бұзылуын, сондай-ақ Еуразиядағы интеграциялық процестерді талқылады.​