Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы Санитариялық шараларды ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы жалпы процестерді іске асыру қағидасын бекітті

ЕЭК Алқасы Санитариялық шараларды ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы жалпы процестерді іске асыру қағидасын бекітті

12.02.2020

Бұл шешімнің мақсаты Еуразиялық экономикалық одақта халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығын қамтамасыз ету үшін ақпараттық ресурстарды құру болып табылады.

Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде іске асыру қағидаларына сәйкес ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдары арасында үш бағыт бойынша: өнімді мемлекеттік тіркеу туралы берілген куәліктер туралы; инфекциялық және жаппай жұқпалы емес аурулардың (уланудың) табылуы және Одақтың кедендік аумағында адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпті өнімдердің таралуы туралы, сондай-ақ қабылданған санитариялық шаралар туралы; уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы деректермен автоматтандырылған алмасу жүзеге асырылатын болады.

Санитариялық шаралар саласындағы жалпы процестерді іске асыру санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы қауіп-қатерлер мен төтенше жағдаяттардың туындауы туралы жедел хабардар етуге, дер кезінде санитариялық шаралар қабылдауға, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын қауіпті өнімнің әкелінуіне, айналысына және транзитіне жол бермеуге көмектеседі.

Кеден органдарын қоса алғанда, уәкілетті органдар мен Одақ елдерінің бақылау-қадағалау функцияларын орындайтын органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігі артады. Санитариялық шараларды қолдану саласындағы мәліметтер қолжетімді болады. Аурулардың таралуын эпидемиологиялық болжау және алдын ала ескерту мақсатындағы талдамалы өңдеу мен статистикалық талдау үшін ақпаратты дерекқордан алып пайдалану мүмкіндігі пайда болады.