Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия бизнестің тиімділігін жоғарылату мақсатымен КО мен БЭК нормативтік құқықтық актілері жобаларының реттеуші ықпалын бағалау механизмін енгізуді жоспарлап отыр

Еуразиялық экономикалық комиссия бизнестің тиімділігін жоғарылату мақсатымен КО мен БЭК нормативтік құқықтық актілері жобаларының реттеуші ықпалын бағалау механизмін енгізуді жоспарлап отыр

12.04.2013

10-11 сәуір күндері Еуразиялық экономикалық комиссияда Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің (БЭК) нормативтік құқықтық актілері жобаларының реттеуші ықпалын бағалауды (РЫБ) ұйымдастыру және өткізу бойынша тәлімдік семинар-тренинг болып өтті.

Семинарды Мәскеу халықаралық бизнес-қоғамдастығының қолдауымен Кәсіпкерлікті дамыту бойынша Департамент ұйымдастырды. Семинарға Комиссиядағы 15 департаменттің өкілдері қатысты.

 

Семинарға қатысушылар алдында сәлемдесу рәсімімен ЕЭК Кәсіпкерлікті дамыту бойынша Департаменттің директоры Рустам Ақбердин мен Ресей Экономикалық даму министрлігіндегі РЫБ Департаментінің директоры Вадим Живулин сөз сөйледі. Атап айтқанда, ЕЭК өкілі қазіргі уақытта бизнестің тиімділігін жоғарылату, әкімшілік кедергілерді жою мақсатымен КО мүше елдердің ұлттық билік органдарында реттеуші ықпалды бағалау белсенді түрде енгізіліп келеді. Өз кезегінде, Комиссия әлемдегі озық тәжірибелерді пайдалана отырып, бұл механизмді дамытуды, және де ЕЭК құзырына кіретін барлық бағыттар бойынша оны енгізуді жоспарлап қойды.

 

«Комиссияда РЫБ процедуралары енгізілуінің келешегін есепке алып, ЕЭК бұл аталған семинарды бұл нендей механизм екендігі, ол қалай жұмыс істейтіндігі жайлы Комиссиядағы құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне түсіндіру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біз үшін бұл өте маңызды, себебі бастапқы кезеңде РЫБ ЕЭК-тегі әзірлеуші департаменттерімен жүргізіледі деп топшылаймыз», - деді өзінің баяндамасында Рустам Ақбердин. Ол, ЕЭК-тегі әзірлеуші департаменттер Комиссияның реттеуші актісінің әрбір жобасына сол актінің құқықтық пәрменінен күтілетін нәтижелер мен құралдары, мақсаттары туралы анықтама толтырып отыратын болады.

Семинарды «Высшая школа экономики» (Экономиканың жоғарғы мектебі) Ұлттық зерттеу университетінің РЫБ орталығынан және Бағдарламалар мен саясаттарға баға беру Институтынан келген РЫБ өткізудің ұйымдастырушылық модельдері мен әдістемелері саласындағы ресейлік жетекші сарапшылар өткізді.

Семинар барысында бастапқы кезеңде РЫБ өткізу аспектілерін, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғаларды, әсіресе бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерін қоса санағанда, барлығын қатыстыра отырып бұқаралық консультациялар ұйымдастырудың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына РЫБ өткізудің әдістемелік мәселелері қаралды.

Сонымен қоса, сарапшылар Комиссияның қызметкерлеріне Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әзірлеген РЫБ ұйымдастыру стандарттары, РЫБ өткізудің ең үздік халықаралық тәжірибелері, Ресей Федерациясында РЫБ өткізудің қолданыстағы моделі және оны жетілдіру перспективалары туралы, Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасында норма шығарушылықты жүзеге асыру кезінде бизнес-қоғамдастықтардың пікірлерін де есепке алып отыру тәжірибесі әңгімелеп берді.

Норма шығармашылығын ұйымдастыру бойынша ЕЭК-ке аса жақын келетін ықпалдастық бірлестік Еуропалық комиссиядағы бұқаралық консультациялар мен РЫБ өткізудің реттемелеулеріне және тәжірибесіне баса назар аударылды. Атап айтсақ, Еуропалық комиссияның нормативтік құжаттарының нақты жобаларына РЫБ беру бойынша бірқатар кейстер қаралды.