Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО-да патенттік ландшафт құруды ұсынады

ЕЭК ЕАЭО-да патенттік ландшафт құруды ұсынады

12.04.2019
10 сәуірде Светлогорскіде (Ресей, Калининград облысы) өткен Зияткерлік меншік жөніндегі «IPQuorum 2019» халықаралық стратегиялық форумының жалпы сессиясында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин: «Еуразиялық экономикалық одақта технологиялар трансфері ұлттық орталықтарын ортақ электрондық алаң арқылы біріктіру жаңа технологиялар әзірлеушілердің ынтымақтастығын тереңдетуді, инновациялық өнім тізбектерінің бірлескен жобалары бойынша ұсыныстарды іздестіруді, сондай-ақ жаңа идеялар мен шетелден Одақтағы өндіріске қазіргі заманғы технологиялар трансферін қамтамасыз етеді»,- деп мәлімдеді.

Қалыптасқан практика бойынша әлемнің көптеген өндірістік компаниялары жаңа технологияларды әзірлеу мен ендіруді, инновацияларға қаражаттар инвестициялауды, өнімді нарыққа шығаруды, зияткерлік меншікті сатып алуды және сатуды жүзеге асыруды бастамас бұрын міндетті түрде патенттік зерттеуге және «патенттік ландшафт» әзірлеуге тапсырыс береді.

«Патенттік белсенділік» Одақтың өнеркәсіптік кешендерін инновациялық дамыту индикаторларының бірі болып табылады. Өнеркәсіптің жаһандық Еуразиялық ақпараттық жүйесін қалыптастыру кезінде «патенттік ландшафт» құралдарын қолдануды көздеу қажет»,- деп атап көрсетті Александр Субботин.

Александр Субботиннің пікірінше, бұл міндетті шешу үшін Комиссия құрған ақпараттық ресурста ашық қол жетімділіктегі патенттер туралы дерекқор сияқты сервисті көздестіру қажет. Бұл ретте патенттік ландшафт жүргізу жөніндегі құзыреттерді құрылатын технологиялар трансферінің Еуразиялық желісінің қатысушылары ретінде технологиялар трансферінің ұлттық орталықтарына беруге болады.

«Мұндай сервисті құру Одақтың өнеркәсіп кәсіпорындарына технологияларды әзірлеу мен ендірудегі көшбасшы елді айқындауға, негізгі бәсекелестерді және техниканың зерттелетін саласындағы түбірлі әзірлемелерді анықтауға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті ЕЭК министрі.

Бұдан басқа, сапар шеңберінде Александр Субботин Калининград облысының губернаторы Антон Алихановпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында ЕАЭО-дағы зергерлік саланы дамытудың негізгі бағыттары, сондай-ақ экспортқа бағдарланған Еуразиялық зергерлік бренд құру әлеуеті талқыланды.

«Біз ЕАЭО-да зергерлік өнеркәсіпті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын дайындадық, ол зергерлік өнеркәсіпті дамыту және зергерлік өнімнің экспортын қамтамасыз ету үшін институционалдық орта және инфрақұрылым құру жөніндегі бірқатар іс-шараларды қамтиды. Барлық мүдделі тараптарды белсенді түрде қатысуға және өз ұсыныстарын енгізуге шақырамыз»,- деп атап өтті Александр Субботин.

Ол Калининградта «АВВ» компаниясының инжиниринг орталығының салтанатты ашылуына да қатысты.