Жүйеге кіру
ЕЭК департаменті Украинада жасалған теміржол доңғалақтарының импортына қатысты демпингке қарсы баждың күшін жою үшін негіз жоқ деп таниды

ЕЭК департаменті Украинада жасалған теміржол доңғалақтарының импортына қатысты демпингке қарсы баждың күшін жою үшін негіз жоқ деп таниды

12.05.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті Украинада жасалған тұтас тапталған болат доңғалақтарға қатысты демпингке қарсы шараның күшін жою үшін негіз жоқ деп таниды. Қайтадан демпингке қарсы тергеп-тексеру жүргізген органның баяндамасында тиісті тұжырымдар қамтылған.

Департаменттің тұжырымдарына сәйкес, 2018-2019 жылдардағы және ішінара 2020 жылғы І тоқсандағы деректер негізінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі доңғалақ өндірушілер саласындағы жағдаят оның жай-күйінің жақсарғанын көрсетеді. Оң үрдістерді нарықтағы сұраныстың өсуі де, сол сияқты Украинада шығатын тауарға қатысты демпингке қарсы шараның ықпалы да туындатты. Әйтсе де, 2020 жылғы қаңтар-мамырдағы ақпарат жүк тасымалы көлемінің азаюына байланысты теріс салдарды көрсетіп отыр. Бұл ретте осы процестердің жалғасу ықтималдығы да жоқ емес.

Өз кезегінде Украинада шыққан доңғалақтарды жеткізуші экспортты ұлғайту мүмкіндігіне ие, бұл соның ішінде еркін өндірістік қуаттардың бар болуымен түсіндіріледі. Сөйтіп, бұрын шара қолданбауға негіз болған мән-жайлар уақытша болып табылады және ЕАЭО нарығындағы жағдаяттың одан әрі дамуын ескере келгенде, демпингке қарсы шараны қолдануды толық тоқтату қажеттігін айғақтамайды.

Департаменттің хабарламасына сәйкес, тергеп-тексеруге қатысушылар баяндамаға қатысты түсініктемені 2020 жылғы 25 мамырға дейінгі мерзімде бере алады.

Анықтама

ЕЭК Алқасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы шешімімен Украинада жасалған тұтас қапталған болат теміржол доңғалақтарына қатысты 5 жыл мерзімге кедендік құнның 4,75%-ы мөлшерінде демпингке қарсы баж белгіленді, ол 2016 жылғы 22 қаңтардан қолданыла бастады. 2018 жылғы алғашқы қайтадан демпингке қарсы тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша ол 34,22%-ға дейін арттырылды. Алайда 2019 жылы доңғалақтарды тұтынушылардың өтініші бойынша өткізілген екінші қайта тергеп-тексеру шеңберінде аталған шараны 2020 жылғы 1 маусымға дейінгі аралықта уақытша қолданбау туралы шешім қабылданды.​