Жүйеге кіру
Электрондық жолаушылар кедендік декларациясының құрылымы мен форматы бекітілді

Электрондық жолаушылар кедендік декларациясының құрылымы мен форматы бекітілді

IMG_5370.jpg
12.05.2020

ЕЭК Алқасы 12 мамырдағы отырысында электрондық құжат түріндегі жолаушылар кедендік декларациясының (ЖКД) құрылымы мен форматын бекітті.

 

Құжат тұлғалар мен кеден органдары арасындағы өзара іс-қимылдың электрондық нысаны практикасын кеңейту үшін Еуразиялық экономикалық одақтың «электрондық» Кеден кодексін дамытуға орай қабылданды.

 

Одақ шеңберінде бірыңғай электрондық ЖКД-ға қойылатын талаптар бірінші рет айқындалады және біріздендірілген түрде Одақтың барлық елінде пайдаланылатын болады.

 

Деректемелік құрам 2019 жылы ЕЭК Алқасының жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы шешімімен айқындалған жолаушылар декларациясының мәліметтер құрамына сәйкес келеді.

 

Комиссия осы шешіммен көзделген электрондық құжаттар мен мәліметтер құрылымының техникалық схемаларын әзірлеуге кірісті. Олар Одақтың ресми сайтындағы тиісті тізілімде орналастырылатын болады.

 

Одақ елдерінде ақпараттық жүйелерді істеп шығу үшін қажетті мерзімді ескере отырып, шешімнің күшіне енуі 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап көзделген. Осымен бір мезгілде Алқаның электрондық ЖКД-ны қолдану және толтыру туралы басқа шешімінің күшіне енуімен қадамдастыру қамтамасыз етіледі.

 

ЖКД құрылымын жобалау кезінде Одақтың деректер моделі пайдаланылды, ЕЭК бекіткен кедендік құжаттардың қолданыстағы құрылымдарымен біріздендіру ескерілді.

 

Тұтастай алғанда, сөз Одақ мемлекеттерінде қағазсыз кедендік технологияларды біртіндеп кеңейту туралы болып отыр.​