Жүйеге кіру
ЕЭК ҚХР-да жасалған асүй және асхана аспаптарына қатысты демпингке қарсы шараны ұзартты

ЕЭК ҚХР-да жасалған асүй және асхана аспаптарына қатысты демпингке қарсы шараны ұзартты

IMG03419.JPG
12.05.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы тотқа төзімді болаттан жасалған қытайлық асүй және асхана аспаптарына қатысты демпингке қарсы шараны қоса алғанда 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін ұзартты.

 

Бұл өнімге демпингке қарсы баж 2015 жылғы мамырда өндіруші компанияға байланысты кедендік құнның 15,41%-ынан 27,16%-на дейінгі мөлшерде белгіленді. Шараның қолданылу мерзімі биылғы маусымда аяқталды. Алайда Комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі бірнеше өндіруші компаниядан демпингке қарсы қайта тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш түсті. Құжаттарда берілген ақпарат асүй және асхана аспаптарының демпинг импортын жалғастыру, сондай-ақ шараның қолданылуы тоқтатылған жағдайда ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасына залал келтірілу мүмкіндігі туралы алдын ала тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

 

Өтініште көрсетілген деректер негізінде 2020 жылғы 16 қаңтарда қайта тергеп-тексеру басталды. Одақтың заңнамасында қолданыстағы демпингке қарсы баж мерзімі қайта тергеп-тексеру кезеңіне ұзартылатыны көзделген. Оның басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс екендігі ескеріле отырып, демпингке қарсы шара 2021 жылғы қаңтарға дейін ұзартылды.

 

Анықтама

 

Қайтадан демпингке қарсы тергеп-тексеру жүргізу туралы өтінішті «Киров атындағы Құрмет орденді Павлов көркем металл бұйымдары зауыты» ЖарАҚ берді және оны «Нытва» ААҚ, «Ашинск металлургия зауыты» ЖарАҚ, «Павловская ложка» ЖШҚ, «Труд» ЖарАҚ және «Красный металлист» МААҚ қолдады. 2016 жылдан бастап 2019 жылдың I жарты жылдығына дейінгі аралықта ЕАЭО-дағы тотқа төзімді болаттан жасалған асүй және асхана аспаптары өндірісінің жалпы көлемінің 100%-ы осы кәсіпорындардың үлесіне тиді. Бұл орайда сөз асхана пышақтары, қасықтар, шанышқылар, шөміштер, сүзекілер, тортқа арналған күрекшелер, балыққа және майға арналған пышақтар, қант тістеуіктері, сондай-ақ көрсетілген тауарлардан тұратын жиындылар туралы болып отыр.