Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович ЕЭК-тің Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалянды мерейтойымен құттықтады

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович ЕЭК-тің Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалянды мерейтойымен құттықтады

IMG_5286.jpg
12.05.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының басшысы туған күн иесінің терең ғылыми білімін, жоғары деңгейдегі басқарушылық тәжірибесін және оның ұлтүсті деңгейіндегі күрделі міндеттерді шешуіне мүмкіндік беретін өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы нағыз профессорлық ой-өрісін атап айтты.

 

«Біздің Еуразиялық экономикалық одақ экономикасының нақты секторы министр, профессор, экономика ғылымдарының докторы, ғалым Артак Каджикович Камалянның идеялары мен ұсыныстарын іске асыруға өте үміт артады»,- деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы.

 

Михаил Мясникович Комиссияның бүкіл ұжымы атынан Артак Камалянға мықты денсаулық, өшпес өмірлік қуат, бақыт және игілік тіледі.​