Жүйеге кіру
ЕЭК-тің ЕАЭО өңірінде Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу туралы баяндамасы БҰҰ-ға ұсынылды

ЕЭК-тің ЕАЭО өңірінде Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу туралы баяндамасы БҰҰ-ға ұсынылды

12.07.2017

Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу туралы баяндаманы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Төрағасы, Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі Олег Панкратов Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) штаб-пәтерінде ұсынды. ЕАЭО 2030 жылға дейін орнықты даму саласындағы БҰҰ күн тәртібін мониторингілеу жөніндегі негізгі іс-шара – БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің (ЭКОСОС) орнықты даму бойынша жоғары деңгейдегі Саяси форумда ашық талқылау үшін осындай баяндаманы дайындаған алғашқы өңірлік интеграциялық бірлестік болып отыр. 

«Мемлекеттердің орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жаһандық бастамасы орнықты даму саласындағы ұзақ мерзімді ұлттық стратегиялар мен бағдарламалардың қуатты катализаторы болды, – деп мәлімдеді Олег Панкратов. – Бұл ретте, осы салада прогреске қол жеткізуге жаңа серпін бере алатын өңірлік интеграциялық бірлестіктердің мүмкіндіктеріне БҰҰ айрықша мән беріп отырғаны маңызды».

Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі ЕАЭО мен ОДМ дамыту басымдықтарының үндескен өзара байланысын айтып өтті. Атап айтқанда, ол ОДМ көрсеткіштеріне қол жеткізудегі қарышты прогреске  ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлерді және шеңберінде   заңнаманың үндестірілуі мен ЕАЭО елдері экономикаларының жақындасуы  орын алатын ЕЭК интеграциялық күн тәртібін  ескере отырып  даму бағдарламаларын іске асыратын Одақ елдері  іс-қимылдарының ұштасуы арқасында қол жететінін атап көрсетті.

Осындай тезистің растамасы ретінде Комиссияның баяндамасынан статистикалық деректер келтірілді. Атап айтқанда, экономикалардың әртүрлі ауқымдарына қарамастан Одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық даму деңгейлерін теңестіруге, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу және еңбек өнімділігі, ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету сияқты көрсеткіштер бойынша айырмашылықтарды қысқартуға жеткізетін үрдістер атап көрсетілді.  Сонымен бірге, талдау көрсетіп отырғандай, ЕАЭО-да өмір ұзақтығының  артуы, көптеген дамыған елдерге қарағанда жұмыссыздықтың тіркелген деңгейі төмен екендігі байқалуда. 

«Біз ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық интеграция ОДМ қол жеткізуге бағытталған БҰҰ 2030 күн тәртібін іске асыру кезінде мүше мемлекеттер үшін қосымша серпін бергенін анық көріп отырмыз,– деп мәлімдеді Олег Панкратов. – Келешекте ОДМ одан әрі қол жеткізу ЕАЭО дамуының ұзақ  мерзімді күн тәртібін ескеретін Одақтың 2030 жылға дейінгі экономикалық дамуының негізгі бағыттарының іске асырылуына біршама септігін тигізетін болады, ал Одақтың белсенді дамып келе жатқан халықаралық қызметін ескере келгенде,  Орнықты даму проблематикасы ЕАЭО-ның басқа да өңірлік интеграциялық бірлестіктермен, БҰҰ жүйесінің құрылымдарымен және ұйымдарымен ынтымақтастығының шешуші бағыты бола алады».

ОДМ-ды өңірлік деңгейде іске асыру мүмкіндіктері жайлы басқа да өңірлік бірлестіктердің, яғни АСЕАН, КАРИКОМ, САДК, ЛАГ және Еуропалық одақ  өкілдері айтып берді. Олар ОДМ проблематикасы бойынша өз шолуларын дайындауға мүдделілік білдірді.

Жоғары деңгейдегі Саяси форум шеңберінде ЕАЭО интеграциялық күн тәртібі мен БҰҰ күн тәртібінің өзара байланысын неғұрлым ізеуіртті талдауға арналған «ЕАЭО 2025 және ОДМ 2030: күн тәртібін ұштастыра отырып» атты орнықты даму саласындағы тақырыптық дөңгелек үстел өткізілді.

ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая сөз сөйлеу барысында нақты ОДМ іске асырылуы мен Одақ шеңберіндегі  сол немесе өзге саладағы интеграциялық күш-жігер арасындағы қатарластықты мысалға келтірді, сондай-ақ  орнықты даму саласындағы  прогресті бағалау үшін үлгілі бола алатын ЕАЭО дамуының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің мониторингі бойынша өзекті ақпарат ұсынды.

Анықтама
2030 жылға дейінгі, соның ішінде Орнықты даму саласындағы мақсаттар айқындалған орнықты даму саласындағы күн тәртібі 2015 жылғы 25 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен қабылданды.

ОДМ БҰҰ Бас Ассамблеясы 2000 жылы қабылдаған және іске асырылуы 15 жылға есептелген Мыңжылдық даму мақсаттарының логикалық жалғасы болып отыр. 2015 жылы БҰҰ мүше мемлекеттері қам жасалған қадамдардың табысты болғанын таныды және орнықты даму саласында жаңа күн тәртібі қажеттігін атап өтті.

ОДМ салауатты қоршаған ортада теңдестік жағдайларында өз әлеуеттерін іске асыра алатын, тұтынудың және өндірудің ұтымды модельдері қолданылатын, қазіргі әрі келешек буындардың тұрақты тіршілік етуі үшін планетаны сақтап қалудың қауырт шаралары қолданатын, кедейшілік пен аштық болмайтын болашақ әлемнің бейнесін қалыптастырады.

БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі (БҰҰ ЭКОСОС) Орнықты дамудың мақсаттары мен міндеттерінің орындалуын мониторингілеу жөніндегі жауапты орган болып табылады. ОДМ іске асыру мәселесі мемлекеттердің ұлттық құзыретіне жатқызылады.

БҰҰ үшін орнықты даму проблематикасының маңыздылығы мен перспективалылығын есепке ала отырып, 2015 жылы ЭКОСОС қолдауымен арнайы жыл сайынғы механизм – Орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форум құрылды, ол мемлекеттер мен басқа да мүдделі ұйымдар, соның ішінде өңірлік экономикалық бірлестіктер ОДМ мәселелерін жоғары деңгейде талқылай алатын, сондай-ақ Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу процесін пайымдауға қатысты өзінің баяндамаларын, шолуларын және басқа да материалдарын әлемдік қоғамдастыққа ұсына алатын алаң болуға арналған.