Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылық машина жасау кооперациясын қолдайды және Моңғолияның ветеринария қызметімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды

ЕЭК ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылық машина жасау кооперациясын қолдайды және Моңғолияның ветеринария қызметімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды

12.09.2017

12 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің сауда, өнеркәсіптік саясат, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау, сондай-ақ кедендік ынтымақтастық мәселелері тақыланды.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Моңғолияда жануарлар ауруларының, ветеринариялық-санитариялық қатынастардағы қауіпті өнімдердің және карантиндік зиянды организмдердің таралуын болғызбауға ЕЭК Алқасы мақұлдаған Еуразиялық экономикалық комиссия мен Моңғолия Мамандандырылған инспекциясының бас басқармасы арасындағы ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум көмектеседі.

Осы салада ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа 2017 жылы наурызда ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Валерий Корешковтың Моңғолияға жұмыс сапары кезінде қол жеткізілген болатын.

«Меморандум шеңберіндегі өзара іс-қимыл, атап айтқанда, өзара мүдделілікті білдіретін нормативтік, техникалық және өзге де құжаттарды алмасу арқылы жүзеге асырылатын болады, – деп атап өтті Валерий Корешков. – Оқыту семинарлары, ғылыми-практикалық конференциялар және маман-практиктердің ынтымақтастығы ЕАЭО елдері мен Моңғолия арасында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ мал шаруашылығында және өсімдік шаруашылығында ветеринариялық бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді». 

Ветеринариялық және фито-санитариялық бақылау саласында ағымдағы мәселелерді талқылау үшін Жұмыс тобы құрылды.

Алқа мүшелері ЕЭК министрі Валерий Корешковқа  биылғы қазандағы Моңғолияға жұмыс сапары кезінде Меморандумға қол қоюды тапсырды.

ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтардың жиынтықтауыштарын бірлесіп әзірлеуге арналған элементтерді өндіретін кәсіпорындарының тізбесін бекітті. Оған дизельді қозғалтқыштар, гидравликалық жүйелер, трансмиссиялар, мойынтіректер элементтерінің, сондай-ақ электрондық құрауыштар мен спутниктік навигациялардың 40-тан астам өндірушілері енді.

Тізбе ЕЭК-тің «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында кооперациялық ынтымақтастығын дамыту туралы» ұсынымы шеңберінде бекітілді. Құжат Одақ елдеріне ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында өндірісті ұйымдастыру кезінде аталған тізбені, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының жинақтауыштарын үшінші елдерге шығаратын телнұсқаларды әлеуетті тұтынушылар тізбесін басшылыққа алуды ұсынады.

«Ауыл шаруашылығы техникасына арналған жинақтауыштардың телнұсқаларын өндіру бойынша кооперациялық тізбектер қалыптастыру қазіргі кезде ЕАЭО-да тиімді импорт алмастырушы өндірісті құруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский.

Ауыл шаруашылығы машиналарына және жабдықтарына жиынтықтауыштарды бірлесіп өндіруге арналған элементтерді өндірушілердің тізбесіне Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары енді. Олардың қатарында беларустық «Минск мотор зауыты» ААҚ және «Минск мойынтірек зауыты» ААҚ, қазақстандық «Орал балқыту-механикалық зауыты» ӨК және «С.М.Киров атындағы зауыт», қырғызстандық «Автомаш-Радиатор» ЖШС, ресейлік «Челябі трактор зауыты - УРАЛТРАК» ЖШҚ және «Автодизель» (ЯМЗ) ЖАҚ – барлығы 40-тан астам кәсіпорын бар. Олардың қуаты ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жиынтықтауыштарының 39 элементін: іштен жану қозғалтқышы және гидравлика элементтері мен жүйесін, автоматтандырылған трансмиссиялар, автоматты орталықтандырылған майлау жүйесін, білдектер, мойынтіректер, аккумуляторлық батареялар, сондай-ақ электрондық құрамдас бөліктер мен спутниктік навигация жүйелерін өндіруге мүмкіндік береді.

ЕЭК Алқасы кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету көлемін есептеуге арналған электрондық құжаттың құрылымы мен форматын бекітті. Шешім ЕАЭО Кеден кодексінің кедендік және өзге де құжаттар мен мәліметтерді тексеру аяқталғанға дейін кеден бекеттерінен тауарларды шығару мүмкіндігіне қатысты новеллаларын техникалық іске асыру шеңберінде қабылданды.

Есептеу құрылымы ЕАЭО мемлекеттерінің электрондық кедендік формулярларына енгізілуі тиіс мәліметтер жиынтығын білдіреді. Іс жүзінде бұл -  Одақ елдерінің әзірлеушілері ЕАЭО Кеден кодексінің жаңа енгізілімдеріне сәйкес кеден қызметтерінің бағдарламалық-техникалық ресурстарын жаңғырту кезінде басшылыққа алатын техникалық тапсырма. 

Бұрын ЕЭК Алқасы өзінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 112 шешімімен (қараңыз: www.eurasiancommission.org/ru/nae/news/Pages/4-09-2017-1.aspx)  мәліметтерді жинақтауға, толтыру нысанына және кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы және өтемақылық баждарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мөлшерін есептеу тәртібіне  қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеген болатын.