Жүйеге кіру
Тигран Саркисян: «ЕАЭО елдері экономикасының терең интеграциясы протекционизмнің әлемдік трендін ескере отырып жетілдірілуге тиіс»

Тигран Саркисян: «ЕАЭО елдері экономикасының терең интеграциясы протекционизмнің әлемдік трендін ескере отырып жетілдірілуге тиіс»

12.09.2018
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) терең интеграция жолымен жүріп келеді және бұл интеграция моделі протекционизмнің күшею элементтері байқалып отырған әлемдік трендтерді ескере отырып жетілдірілуге тиіс. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян 12 қыркүйекте Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумы шеңберінде өткен «АТМӨ күн тәртібінің замани интеграциясы: ашықтық немесе протекционизм. ЕАЭО үшін сабақтар» пікірсайысы кезінде мәлімдеді.
Пікірсайысқа қатысушылар - олардың арасында ЕЭК Алқасының мүшесі Вероника Никишина, Экономика жоғары мектебінің Сауда саясаты институтының директоры Александр Данильцев, Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті Александр Шохин және басқалар бар - замани интеграциялық күн тәртібінің соңғы үрдістерін және сауда-экономикалық процестер сипатының өзгеруі жағдайында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жүріс-тұрыс беталысын талқылады. Бір жағынан, бүгінде Азия-Тынық мұхиты өңірінде (АТМӨ) және одан тыс жерлерде протекционистік көңіл-күй өсуде және сауда қақтығыстары шиеленісуде, екінші жағынан, экономикалық интеграция есебінен бірлескен экономикалық даму қағидатына берілгендік сақталып отыр.
«Бүгінде АТМӨ әлемдік өзгерістердің алғы шебінде және әлемнің барлық экономикасының, дәлме дәл айтқанда, ортақ назарында тұр, өйткені ол әлемдік экономикалық өсудің негізгі драйвері болып табылады. Бұл тренд таяудағы онжылдықтарда да сақталады, демек, өңірмен ынтымақтастық нысандары қызығушылықты арттыратын болады, - деп атап өтті Тигран Саркисян. - ЕАЭО – айтарлықтай жас бірлестік. Бізде негіз үшін қабылданған модель, ұлтүсті орган қалыптастырған бес экономиканың нақ терең интеграциясы бірлестігіміздің барынша экономикалық пайда алуы үшін жаһандық трендерді ескере отырып жетілдірілуге тиіс екендігіне көз жетіп отыр».
ЕЭК Алқасының Төрағасы әлемде болып жатқан іргелі өзгерістер туралы, соның ішінде Транстынық мұхит және Трансатлантика әріптестіктері туралы келісімдердің «тоқтатылып қойылуы» туралы еске салып өтті.
Тигран Саркисянның айтуынша, ЕАЭО интеграция жолымен жүріп келеді, бұл Одақтың миссиясы. «Біз тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді алып тастауға ұмтылудамыз, бұдан экономикалық өсудің әлеуетін көріп отырмыз, бірақ біздің экономикамызға әсер етпей қоймайтын жаһандық трендтер де тіршілік етіп тұр», - деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы.
Экономика жоғары мектебінің (ЭЖМ) Сауда саясаты институтының директоры Александр Данильцев ЕАЭО елдері мен Одақтың негізгі әріптестері – бұл, бірінші кезекте, экспортқа мүдделі және халықаралық сауданы серпінді дамытуға арналған беталысты ұстанатын сауда-экспорт ұлттары деп атап көрсетті. Бұл ретте қазір Одаққа объективті себептермен – өз кезегіндегі экономикалық дағдарыстар салдарымен, сол сияқты субъективті себептермен - АҚШ саясатымен байланысты теріс факторлар ықпал етуде.
«Сауда соғысы – соғыстан кейінгі жағдайлар үшін күрес, – деп атап өтті Александр Данильцев. – Қазір АҚШ сауда тұрғысынан алғанда күштік әдістермен басты ойыншы үшін ырықтандырудың жаңа толқынына қарай кезекті көшудің жағдайларын жасауға ұмтылуда, бұл әрине халықаралық сауда үшін теріс фактор болып табылады».
Сарапшының сөзінше, ЭЖМ зерттеу жүргізген, оның нәтижесінде: ЕАЭО құрылғаннан және бірыңғай нарық қалыптасқаннан кейін «бестіктің» барлық елдерінде, 2001 жылдан бастап теріс үрдіс нақты байқалса да, сауданың сапалық көрсеткіштерінің күрт өсуі анықталған.
«Сауданың тұрақтылығына және серпінді дамуына мүдделі мемлекеттердің бірлігін сақтау өте маңызды. Болашақ - жай ғана сауда өзара іс-қимылын жасап қоймай, инвестициялауды, яғни ресурстармен алмасу үшін жағдайлар жасауды қамтитын ынтымақтастық туралы жеткілікті түрдегі терең келісімдерде. Интеграциялық құрауышсыз сауданы ырықтандыру енді соншалықты тиімді емес. Интеграциялық өзара іс-қимыл адами капиталды дамытуға бағытталуға тиіс», – деп түйіндеді Александр Данильцев.
Протекционистік шаралардың әлемдік саудадағы және ЕАЭО сауда саясатындағы ықпалы туралы ЕЭК-тің Сауда жөніндегі Алқа мүшесі Вероника Никишина әңгімеледі. «Қолда бар бағалаулар бойынша, тауарлардың әлемдік эспортының 3%-на дейін қорғау шараларының «санкциялық айырбасына» тап болған, - деді Вероника Никишина. - Бұл цифрлардың өсуі, тауарлар қозғалысының азаюы, сақтандыруды, қаржыландыруды, тасымалды және өзгелерді азайту керектігі - қызметтер көрсету саудасына да тепе-тең теріс әсер беруі ықтимал».
Әртүрлі бағалаулар бойынша, тарифтік соғыстар тауарлардың әлемдік импортының 8,3%-на дейін қолданылуы мүмкін, мұны 2017 жылғы сауданың жалпы өсу көрсеткіштерімен салыстыруға болады. Шектеу шаралары халықаралық сауда құқығының жалпыға бірдей танылған нормаларын елемей қабылданатын қауіпті ахуал қалыптасуда. Мұндай белден басушылық тұрақсыздық тудырады, уәжді жауап беру іс-қимылдарына соқтырады. Сауда соғысының абсолютті жеңімпазы болмайды, олардың қатысушылары әрқашан іс жүзінде ұтылушы болып шығады.
«Біз ЕАЭО ішінде де, тең және өзара пайдалы жағдайларда адал жұмыс істеуге әзір сыртқы әріптестермен де интеграцияны тереңдетуге әзірміз, – деп атап өтті ЕЭК министрі. – Біз АТМӨ елдерімен ынтымақтастықты тереңдетудің сөзсіз орындылығын көріп отырмыз. Бұл ретте объективті фактордың - ЕАЭО сыртқы сауда көлемінің үштен біріне жуығын АТМЭЫ қатысушыларымен сауда құрайтындығының маңызы кем емес. Сонымен бірге біздің тәсілдемелеріміздің жақындығы да маңызды болып табылады. Осы орайда біз басқа да ірі нарықтармен диалог үшін ашықпыз. Бұл ретте сөз ЕО мен АҚШ туралы болып отырғанына күмән жоқ».
Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының (РӨКО) президенті Александр Шохиннің пікірінше, әлем өтпелі кезеңде тұр, ұзақ жылдар бойы ашықтық пен ырықтандыру жолы жарияланып келді, ал екінші жағынан, соңғы жылдары мемлекеттер қабылдаған протекционистік шаралар тез өсуде.
«Америка әкімшілігінің іс-қимылы нәтижесінде мемлекеттер жаһанданудан, сыртқы сауданы ырықтандырудан және инвестициялардан бас тартуда. «Бәрінен бұрын Америка» деген ұран осы үрдісті бұзды, - деп тұжырымдады Александр Шохин. - Осы ретте біз бұрын қол жеткен уағдаластықтарға қарамастан, Транстынық мұхит әріптестігінің қалған он бір мүше елі осы әріптестікте болған нәрселердің бәрін сақтай отырып, жаңа келісімге қол қойғанын көріп отырмыз».
Ол сондай-ақ не ДСҰ құзыретінің бір бөлігін алған, не инвестициялық саясат, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлігінде соларды жақтайтын жаңа өңірлік әріптестіктердің пайда болуымен ДСҰ өз ықпалын жоғалта бастағанын атап өтті. Александр Шохин еркін сауда аймақтары негізгі құралдардың бірі болып қала береді деп сенімділік білдірді. Бүгінде мұндай жұмыс істеп тұрған аймақтар саны 300 шамасында, олардың 83-і - АТМӨ-де және 97-сі – Еуропада, бұл ретте мұндай келісімдер саны тұрақты арта түсуде. Екінші жағынан, сауда аймақтарының көптігі кейде «бір табақ спагетти» әсеріне соқтыруда, өйткені көптеген осындай келісімдер бір мезгілде қолданылады.
«Біз әмбебап институттардың жоғары мәртебесін сақтай отырып, өтпелі процестерді еңсеруді, көп санды әріптестіктердің ДСҰ-мен салыстырғанда өздеріне неғұрлым ілгерінді нәрселерді кірістіруін, сөйтіп, сайып келгенде ДСҰ мандатын кеңейтуге алып келуін қалаймыз», - деп түйіндеді Александр Шохин.
Ресей сарапшылық орталығының (РСО) бас директоры Андрей Слепнев әлемде протекционизмнің күшеюі жағдайында ЕАЭО және АТМӨ елдерінің ынтымақтастығын тереңдету қажеттігі туралы айтты.
«АТМӨ-де сауданың өз стандарты қалыптасқан, өңір іс жүзінде еркін сауда жөніндегі орталық болып табылады, негізгі ағындар нақ осы арналар бойынша өтеді, - деп атап өтті РСО өкілі. - Егер біз АТМӨ-дегі интеграция туралы айтатын болсақ, әрине, қаласақ та немесе қаламасақ та, бізге еркін сауда режиміне көшу қажет болады. ЕЭК қазірдің өзінде тиісті келіссөздер жүргізуде. Вьетнаммен келісім жасасылды, кезекте – бірқатар басқа елдер тұр. Әрине, мұндай тұрғыда келіссөздер жүргізу – жеңіл міндет емес, бірақ, көріп отырмыз, басқа балама жоқ».
«Еуразияны таниық» қауымдастығының президенті Антонио Фаллико ЕАЭО жас екендігіне қарамастан, уақыт өте келе Атлантикадан Тынық мұхитқа дейінгі Үлкен Еуразияның күллі кеңестігінде сындарлы ынтымақтастықтың маңызды буыны бола алады деп сенімділік білдірді.
«ЕАЭО біртұтас немесе Үлкен Еуразияның сыйымды экономикалық кеңістігі құрылысының қажетті қатысушысы болуда. Бұл аумақ Еуропа мен Азия арасындағы неғұрлым сенімді, әскери-саяси тәуекелдерден ада көлік дәліздерінің бірін білдіреді. Қатысушы елдер бәсекеге қабілетті өндірушілер, үшінші елдердің нарығына шығу орталықтары болуда, - деп атап өтті Антонио Фаллико. - Мұндай жағдайлар кезінде ЕАЭО мен басқа да өңірлік бірлестіктердің, жекелеген елдер мен елдер топтарының арасындағы диалог маңызға ие бола түседі».
Ол АСЕАН, Қытай, Мысыр, Иран және басқа мемлекеттермен бизнес үшін үздік перспективаларға жол ашатын еркін сауда аймақтарын құру туралы диалог ойдағыдай дамып келе жатқанын атап көрсетті. Өкінішке қарай, әртүрлі саяси себептерге байланысты ЕАЭО-мен толық мәніндегі диалогтан қалыс қалып, техникалық деңгейдегі сирек байланысулармен ғана шектеліп жүрген Еуроодақпен қатынастарда бұлай болып жатқан жоқ.
«Мұндай диалог нарық ойынының бір біріне түсінікті қағдидаларын орнатуды және бірлескен реттеу нормаларын тұжырымдауды жақтайтын Еуропа бизнесінің мүддесіне орайласады, - деп мәлімдеді Антонио Фаллико. - Бұл оған ЕАЭО нарықтарында ойдағыдай жұмыс істеуге, Еуразиялық әріптестер мен жобаларды Еуропаға тартуға және солар арқылы Азия елдерінің неғұрлым алыс елдеріне шығуға көмектеседі. Еуропа бизнесінің таңдауы бір мағыналы - Атлантикадан Тынық мұхитқа дейінгі бүкіл Еуразиялық кеңістіктің нарығында бірлескен ойын қағидаларын тұжырымдауға ұмтылу және осы жолда жаңа тосқауылдар жасамау керек. Тосқауылдардың қатарына соның ішінде Брюссельдің бұл жас ұйым бытырап кетеді деген үмітпен қыр көрсетіп, диалогты қаламауын да жатқызуға болады».
Бұл тезиске жауап ретінде Тигран Саркисян Еуропалық саясатшылар Еуразиялық одаққа қарағанда Еуропа бизнесінің дауысын естімейді деп атап өтті. «Біз жабық тұрғанымыз жоқ, біз сіздер үшін ашықпыз. Біз ортақ канондарды, стандарттарды түзудеміз, бұл кеңістікті дамытудамыз», - деп атап көрсетті ол.
Антонио Фалликоның сөзінше, ЕАЭО экономика саласындағы достық сипаты жоқ қадамдардан қорғану кезінде, ашықтықты, тең құқылы диалогқа әзірлігін көрсетіп отыруы қажет. «Барынша көп елдермен және бірлестіктермен еркін сауда аймақтарын құру, ірі жобаларды ұштастыру, бірлескен бастамаларды тұжырымдау, халықаралық еңбек бөлінісі шеңберіндегі өзара іс-қимыл – міне бұл замани жағдайлардағы ең таңдаулы стратегия. Егер бір нарықтар жабылса, басқаларды іздеу керек, - деп қорытындылады Антонио Фаллико. - Күрделі жағдайларда бір бірінің экономикасын қолдау керек. Осылай еткенде ғана өндірістік тізбектерді қайта құруға, еңбек бөлінісінің игілігін сақтауға, жаңа тиімді экономикалық модель құруға болады».
Корея халықаралық экономикалық саясат институтының президенті Ли Чже Йон Оңтүстік Кореяның сауда байланыстарын кеңейту жөніндегі жоспарлары туралы хабарлады. Оның сөзінше, ел экспортының үлес салмағында бүгінде Қытайдың үлесі шамамен 40% құрайды, мұндай шоғырландыру экономика үшін қауіпті. Ли Чже Йон бұл мәселе бойынша келіссөздер созылып кетсе де, ЕАЭО мен Оңтүстік Кореяның еркін сауда аймағы туралы келісім жасасуының орындылығының техникалық негіздемесі әзір болғанын еске салды, олардың жылдам аяқталуына сенетіндігін білдірді.
Анықтама
Шығыс экономикалық форумы 2015 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді, әлемдік экономиканың, өңірлік интеграцияның түбірлі мәселелерін, өнеркәсіп пен технологиялардың жаңа салаларын дамытуды, сондай-ақ Ресейдің және әлемнің басқа да елдерінің алдында тұрған жаһандық сын-қатерлерді талқылау алаңы болып табылады. Форумның іскерлік бағдарламасына Азия – Тынық мұхит өңіріндегі жетекші әріптес елдермен, сондай-ақ Оңтүстік Шығыс Азияның белсенді дамушы елдерінің түбірлі интеграциялық тобы – АСЕАН-мен бірқатар бизнес-диалогтар кіреді.