Жүйеге кіру
ЕАЭО мен Куба барлық пішіндегі ынтымақтастықты тереңдетуге ниет білдіруде

ЕАЭО мен Куба барлық пішіндегі ынтымақтастықты тереңдетуге ниет білдіруде

12.11.2019
Өнімді ынтымақтастыққа деген өзара көңіл күй және оны жан-жақты дамыту жөнінде жігерлі қадам жасауға дайындық Халықаралық Гавана көрме-жәрмеңкесіне (FIHAV-2019) қатысу үшін 6-8 қарашадағы Гаванаға сапары шеңберінде Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев басқарған Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) делегациясының Куба Республикасының басшылығымен кездесуі барысындағы түйінді серпіліс болды.

 

Көрме аясында ЕЭК министрі Сергей Глазьевтің Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канельмен жұмыс кездесуі болып өтті, оның барысында тараптар Куба мен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.

 

Мигель Диас-Канель өнеркәсіп, денсаулық сақтау, энергетика, көлік, агроөнеркәсіптік кешен сияқты бағыттарды бөліп көрсете келіп, бұл ынтымақтастықтың Кубаның дамуы үшін жоғары маңыздылығын атап көрсетті. Ол Куба Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум негізінде ЕЭК-пен өзара іс-қимылды дамытуға мүдделілігін атап өтті.

Сапар барысында ЕЭК делегациясы Кубаның министрліктері мен ведомстволарында ел үкіметінің мүшелерімен, сондай-ақ іскер топтар қауымдастықтарының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

Куба Республикасының Сыртқы сауда және шетелдік инвестициялар министрі Родриго Мальмьерка Диаспен кездесуі барысында Сергей Глазьев: «Куба – ЕАЭО-ның барлық елі үшін жақсы дос ел, онымен бізді көп жылдар бойғы ынтымақтастық байланыстырады және бүгінгі басты міндет – диалогтың субстантивін кеңейту мүмкіндіктерін ойластыру. Бұл сауда мен инвестициялар көлемін, Одақтың әртүрлі елінің компаниялары қосыла алатын бірлескен жобалар санын арттыру есебінен мүмкін болады», – деп мәлімдеді.

Куба министрі ЕАЭО-ның барлық елімен ынтымақтастықты өсіре түсуге мүдделілікті атап көрсетті. Ол мұны елдің жаңартылған экономикалық саясаты мен сыртқы экономикалық қызмет географиясын әртараптандыру жолы басымдықтарының бірі деп атап өтті.

ЕЭК пен Куба Республикасы Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен комиссияның тең төрағалары ретінде Сергей Глазьев пен Родриго Мальмьерка Диас 2020 жылға арналған осы пішіндегі жұмыс алгоритмін келісті. Атап айтқанда, олар комиссияның 2-отырысын келесі жылы маусымда Мәскеуде және оның бизнес-бөлігін ПХЭФ-2020 шеңберінде Санкт-Петербургте өткізу мүмкіндігін талқылады.

«Алдағы Мәскеуде өтетін отырыс ЕАЭО бизнесін Кубаға инвестиция салу мүмкіндіктері туралы хабардар етудің, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен Куба экономикасына инвестициялар тасқынын ынталандыруға бағытталған түйінді механизмдерді түсіндірудің жақсы алаңы болуға тиіс», – деп мәлімдеді Куба Республикасының Сыртқы сауда және шетелдік инвестициялар министрі.

Куба Республикасының Өнеркәсіп министрінің орынбасары Хосе Гаспар Альварес Сандовалмен келіссөздер барысында экономиканың басым салаларының және ЕАЭО өңірінен инвестициялар тарту үшін өнеркәсіп саласындағы нақты жобалардың таныстырылымы болып өтті. Куба тарапы ел аумағында өнеркәсіп өндірістерін жаңғыртудың өзектілігіне назар аударды және бұл ретте ЕАЭО елдерінің атқарымдары мен технологияларын пайдалануға мүдделілік білдірді. «Біз Беларусь пен Ресейдің компанияларынан бөлек, тиісті мамандануын ескере отырып, Арменияның, Қазақстанның және Қырғызстанның компаниялары да Кубада өнеркәсіп пен инфрақұрылым объектілерін жаңғырту жобаларына қосылады деп есептейміз», – деп қорытты Куба Өнеркәсіп министрлігінің өкілі.

Сергей Глазьевтің Кубаның Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Орландо Гиленмен кездесуі барысында ЕАЭО мен Куба диалогының бизнес-құрауыштарын дамыту ортақ назарда болды.

Кубаның СӨП басшысы елдің іскер топтары делегацияларының ЕАЭО аумағындағы түйінді конгрестік іс-шараларға жүйелі қатысуына мүдделілігін атап көрсетті. Ол 2020 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына орайлас Минскіде өтетін бірінші Халықаралық Еуразиялық экономикалық форумға қатысуға шақыру алды.

Орландо Гилен ЕАЭО Іскерлік кеңесімен тікелей байланысу орнату бастамасын көтерді және таяу болашақта ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қоюды жақтап сөйледі.

«ЕАЭО Іскерлік кеңесімен өзара іс-қимыл ЕАЭО мен Куба бизнесі өкілдерінің диалогын жаңа дейгейге шығаруға, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің түйінді бизнес-қауымдастықтарымен байланыс арнасын нығайтуға мүмкіндік береді», – деп үміт білдірді Куба СӨП президенті.

Кубаның Қаржы министрі Мерси Баланьос Буэймен және Кубаның экономикалық жоспарлау министрі Алехандро Хиль Фернандеспен, сондай-ақ елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Салюд Марсия Кобас Руиспен кездесулер барысында бірлескен жұмыс тобы шеңберінде салалық диалогтарды жандандыру мәселелері қозғалды.

Атап айтқанда, тараптар өзара есептесулерде ұлттық валюталарды пайдалану мүмкіндігін зерделеуге, сондай-ақ техникалық реттеу, фармацевтика, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, жоғары технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты, соның ішінде ЕЭК пен Куба Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі аталып өткен бірлескен комиссия шеңберінде бейінді кіші топтар құру арқылы дамытуға жәрдемдесуге сөз байласты.

Кубаның министрліктері мен ведомстволарындағы жұмыс кездесулерінің қорытындысы Сергей Глазьевтің Куба Республикасы Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары Рикардо Кабрисос Руиспен кездесуі барысында талқыланды. Тараптар әртүрлі деңгейдегі байланысудың жоғары деңгейін атап өтті және ынтымақтастықтың үйлестірушілерін, нақты бағыттар үшін жауап берушілерді айқындай отырып, ЕЭК пен Куба арасындағы диалог үшін құрылған инфрақұрылымды барынша тиімді пайдалануды жақтап сөйледі.

Сапар барысында Сергей Глазьев Гавана университетінде әлемдік экономикалық архитектураның трансформациясы тұрғысында ЕАЭО мен Куба арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму перспективалары туралы лекция оқыды. ЕЭК министрі ЕАЭО елдерінің іскер топтары мен институттарының Куба Республикасына инвестиция салу мүмкіндіктеріне арналған семинарды ашты. Соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сарапшылық және бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері де семинардың қатысушылары болды.

ЕЭК делегациясы сапары бағдарламасының барлық іс-шараларына Одаққа мүше мемлекеттердің Куба Республикасындағы дипломатиялық миссияларының басшылары қатысты.