Жүйеге кіру
Арменияның жетекші университеттері бірінің өкілдері ЕЭК-тің кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмысын танып-білді

Арменияның жетекші университеттері бірінің өкілдері ЕЭК-тің кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмысын танып-білді

12.11.2019
11 қарашада Ереванда (Армения Республикасы) Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева Ресей-Армян университетінің студенттері, аспиранттары мен оқытушылары алдында лекция оқыды.
ЕЭК Департаментінің директоры ЕАЭО туралы шарттың қабылдануымен Комиссия жұмысының практикасына ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау ендірілгенін атап өтті, бұл іскер топтар өкілдерінен шынайы кері байланыс алуға және ЕЭК шешімдері жобаларының жекелеген ережелерін түзетуге ғана емес, қажет болған жағдайда оның Одақ елдерінің кәсіпкерлеріне әсер ету салдарын ескере отырып, ЕАЭО шеңберінде ұлтүсті реттеуді енгізудің тұжырымдамалық тәсілдемелерін өзгертуге де мүмкіндік береді. 
ЕЭК өкілі қызметтер көрсету саласын ырықтандыру экономикалық өсуге ықпал ететінін әрі кәсіпкерлік қызметпен және инвестициялармен тығыз байланысты екенін атап көрсете келіп, ЕАЭО шеңберіндегі қызметтер көрсетудің өзара саудасын ырықтандыруға және қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыруға ерекше назар аударды.
«Бүгіннің өзінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығында 50 сектор бар, ал үстіміздегі жылғы 1 желтоқсаннан бастап ол туристік қызметтер көрсетумен толықтырылады», – деп хабарлады Ғалия Жолдыбаева.
ЕЭК қызметінің тағы бір маңызды бағыты - зияткерлік меншік құқығын қорғау және сақтау жүйесін құру болып табылады.
«Бүгінгі таңда Одақтың тауарлық белгілер, қызмет көрсету таңбалары және тауарлардың шығарылған жерінің атаулары туралы шарты қол қою сатысында тұр. Бұл құжаттың қабылдануы барлық мүше мемлекеттің аумағында құқықтық қорғаудың жаңа жүйесін бір мезгілде құруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ғалия Жолдыбаева.
Лекция соңында ЕЭК Департаментінің директоры студенттер мен оқытушылардың кедендік әкімшілік жүргізу, қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын құру, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау мәселелері жөніндегі сұрақтарына жауап берді.​