Жүйеге кіру
ЕЭК Өкілдері және Ресейдің Экономикалық даму министрлігі кәсіпкерлік үшін негізсіз кедергілер құралына нормативтік актілерді бағалау жүйесін жасау жөнінде жұмыс кездесуін өткізді

ЕЭК Өкілдері және Ресейдің Экономикалық даму министрлігі кәсіпкерлік үшін негізсіз кедергілер құралына нормативтік актілерді бағалау жүйесін жасау жөнінде жұмыс кездесуін өткізді

26.12.2012

24 желтоқсан күні Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин Ресейдің Экономикалық даму министрлігі Реттеуші әрекеттерді бағалау департаментінің директоры Вадим Живулинмен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесуде тараптар кәсіпкерліктің мүдделерін қатысты Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігінің нормативті актілерін қабылдау зардаптарын бағалаудың тиімді жүйесін жасау жөнінде бірлескен жұмыстарды талқылады. «Мұндай жүйені жасау аз уақыттың ішінде үш елдің аумағында кәсіпкерлік қызметтер үшін негізі жоқ әкімшілік кедергілерді енгізген заңнамалық ережелерді қабылданып отырған заңнамадан күні бұрын алып тастауға мүмкіндік береді», - деді Рустам Ақбердин.

Кездесудің қорытындысы бойынша ЕЭК Кәсіпкерлік қызметін дамыту департаментінің және Ресейдің Экономикалық даму министрлігі Реттеуші әрекеттерді бағалау департаментінің жетекшілері әрі қарай болатын ынтымақтастықтардың бағытын анықтады. Атап айтқанда тараптар ақпараттық өзара іс-қимыл туралы, сондай-ақ, норма шығармашылыққа әдістемелік тәсілдеме бойынша бірлескен кеңес алмасу туралы келісті.