Жүйеге кіру
Тигран Саркисян: «ЕАЭО-ның терең экономикалық мән-мағынасы бар және өңірлік экономикалық бірлестіктерді қалыптастыру жөніндегі жаһандық әлемдік трендке сәйкес келеді»

Тигран Саркисян: «ЕАЭО-ның терең экономикалық мән-мағынасы бар және өңірлік экономикалық бірлестіктерді қалыптастыру жөніндегі жаһандық әлемдік трендке сәйкес келеді»

12.12.2019

Ресейдегі Америкалық Сауда палатасы (AmCham) мен Америка-Ресей Іскерлік кеңесі ұйымдастырған «Еуразиялық экономикалық одақ: 5 жыл - ұшу қалыпты ма?» конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян: «Еуразиялық экономикалық одақ - жас интеграциялық бірлестік, бірақ біз бес жыл ішінде үлкен жолдан өттік», – деп мәлімдеді.

ЕЭК Алқасының Төрағасы өз сөзінде Одақтың сырт көзге саяси жоба ретінде болып қабылданатынына қарамастан, көптеген әріптестер үшін Еуразиялық интеграцияның тереңдеуіне қарай ЕАЭО-ның терең экономикалық мән-мағынасы бар және өңірлік экономикалық бірлестіктерді қалыптастыру жөніндегі жаһандық әлемдік трендке сәйкес келетін жоба екендігі түсінікті болды. Өмірдің өзі тауарлардың, жұмыс күшінің, капитал мен қызметтер көрсетудің еркін қозғалысы бар бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру қажеттігін тудырды. Тигран Саркисянның пікірінше, ЕАЭО қызметінің алғашқы бес жылы табысты болды. «Біріншіден, біз Одақ ішіндегі тиімді өзара іс-қимыл механизмдерін өткірледік. Барлық елдер бұл механизмдерді сезінуі үшін, сенім және онымен бір мезгілде өзара іс-қимылдың жаңа мәдениеті құрылуы үшін бұл бес жыл маңызды болды. Біздің алғашқы бес жылдағы ең маңызды институциялық жетістігіміз осы болуы мүмкін», – деп атап көрсетті Тигран Саркисян.

Сыртқы әріптестермен сауда-экономикалық өзара қарым-қатынас мәселелеріне қатысты келгенде, ЕЭК Алқасының Төрағасы сыртқы трек шеңберінде елеулі нәтижелерге қол жеткенін айтты. «Үшінші елдермен келіссөздер жүргізу арқылы біз бизнесімізді қызықтыратын режимдерді қалыптастырудамыз, – деп атап өтті Тигран Саркисян. – Осы мақсатқа жетудің негізгі құралы - әріптестерімізбен еркін сауда аймағын қалыптастыру. Қазірдің өзінде Вьетнаммен, Сингапурмен, Иранмен және Сербиямен келісімге қол қойылды және Мысырмен, Израильмен және Үндістанмен келіссөз трегінде тұрмыз.Бүгінде біз еркін сауда аймағы туралы жаңа келісімдерді қандай елдермен іске қосуымыз керек деген басымдықтардың жаңа тізімін талқылау үстіндеміз».

Тигран Саркисян Еуропалық одақпен қарым-қатынасты дамытудағы айтарлықтай нәтижелерді атап өтті: «Төрт жыл бұрын біз ЕО-мен қарым-қатынасты олардың Еуразиялық экономикалық одақты танымауынан бастадық. Бірақ төрт жыл ішінде біз айтарлықтай алға басуға қол жеткіздік - 2017 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуропалық комиссия арасында техникалық реттеу және сауда сияқты мәселелер бойынша техникалық диалог жолға қойылды. Бүгінде диалог бұдан да кең ауқымды қамтиды. Біздің байланысуымыз өте белсенді әрі нәтижелі, әртүрлі форматтар - сауалдар, консультациялар, делегациялардың сапары, бейнеконференциялар және т. б. арқылы іске асырылуда. Яғни біз Еуропалық комиссия тарапынан ЕАЭО-ны жай ғана техникалық тану мәселесін шешумен бірге, біздің қатынастарымызды елеулі мазмұнмен байыта да алдық».

ЕЭК Алқасының Төрағасы сондай-ақ сыртқы қатынастардың дамуы ішкі интеграцияны тереңдетудің тиімділігіне байланысты екенін атап өтті. «Біз интеграциялық ұйымымыздың қалыптасып болғандығын, біздің Шартымызда нықталған қағидаттарды, атап айтқанда төрт еркіндік қағидатын толығымен жүзеге асыратынымызды көрсетуге тиіспіз.Мен біздің Одақтың тереңдей түсетініне қарай оның Еуропалық одақпен әріптестік қарым-қатынасы да тереңдей түсетініне сенімдімін».

Сөз соңында Тигран Саркисян Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық интеграцияның жаңа стратегиясын ұсынуға арналған құжатпен жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Бұл құжатты үстіміздегі жылғы 20 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында талқылау белгіленген.

Ресейдегі Америкалық Сауда палатасы Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметін жоғары бағалайды және онымен тығыз ынтымақтасады. «Бұл біз Америка-Ресей Іскерлік кеңесімен бірге Комиссиямен бірлесіп өткізіп отырған жетінші конференция, – деп хабарлады AmCham президенті мен бас атқарушы директоры Алексис Родзянко. – Біз Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде AmCham мүше халықаралық компаниялардың бизнесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту үшін маңызы бар ЕЭК-пен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Біз тұрақты кездесулер мен іс-шараларымыз барысында ЕЭК-тегі әріптестерімен Еуразиялық экономикалық одақтың экономика, қаржы және сауда саясаты мәселелерін әрі ЕАЭО кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер нәтижесінде пайда болатын бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін талқылаймыз».​