Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанындағы Статистика бойынша Консультативтік комитеттің екінші отырысы болып өтті

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанындағы Статистика бойынша Консультативтік комитеттің екінші отырысы болып өтті

04.03.2013

4 наурыз күні Мәскеу қаласында Ықпалдастықтың негізгі бағыттары және макроэкономика бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Татьяна Валоваяның төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанындағы Статистика бойынша Консультативтік комитеттің екінші отырысы болып өтті.

Комитеттің отырысы барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның статистика саласындағы 2013-2015 жылдарға арналған қызметінің негізгі бағыттары белгіленді; статистика саласындағы өзара ақпараттық іс-қимыл жасау туралы Келісімнің жобасы мақұлданды; аталған Келісімге қол қойған соң Тараптардың уәкілетті органдары Комиссияға табыс ететін ресми статистикалық көрсеткіштер Тізбесінің жобасы бірінші оқылымда мақұлданды; КО мен БЭК мүше мемлекеттер валюталарының сатып алынушылық қабілетін ішкі жалпы өніммен жыл сайынғы паритет бойынша салыстыруларға көшуге қатысты мәселелерді пысықтаудың қорытындылары жасалды; өзара сауда-саттық статистикасының мәліметтеріне салыстыру жасау үшін Комиссияның алаңында Тараптар сарапшыларының кездесуін ұйымдастыруды қоса алғанда, ішкі және сыртқы сауда-саттық статистикасы мәліметтерінің сапалылығын қамтамасыз ету саласындағы басым міндеттер анықталды.

Отырыс барысында, осыдан бұрын құрылған экономикалық статистика бойынша ішкі комитеті мен сыртқы және ішкі сауда-саттық статистикасы бойынша ішкі комитеттерге қосымша қаржылық статистикасы бойынша ішкі комитет құрылды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Консультативтік комитеттің мүшелері Комитеттің кезекті отырысын 2013 жылдың мамыр айында Мәскеу қаласында өткізуге келісті.

Консультативтік комитеттің отырысында Қырғыз Республикасының өкілдері де қатысты.