Жүйеге кіру
ЕАЭО-да бірқатар тауарларды кедендік декларациялаудың күші жойылды

ЕАЭО-да бірқатар тауарларды кедендік декларациялаудың күші жойылды

Фото_1.jpg
13.05.2020

Ресей тауарлар тобына арналған міндетті кедендік декларациялаудың күшін жойды, олардың арасында - Ресейден Беларуське шығарылатын шикі мұнай мен мұнай өнімдерінен басқа, көмір, шымтезек, спирттер, витаминдер және басқалар бар.

 

ЕЭК Алқасының отырысында Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Гегам Варданян ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасының 27 және 29 тауар топтарында сыныпталатын тауарларды міндетті кедендік декларациялаудың күшін жою туралы хабарлады.

 

«7 мамырдан бастап Ресей көмір, шымтезек, спирттер, эфирлер, альдегидтер, қышқылдар, провитаминдер, витаминдер, гормондар және басқа да тауарлар құрамына кіретін тауар топтарына арналған міндетті кедендік декларациялаудың күшін жойды, бұған Ресейден Беларуське шығарылатын шикі мұнай мен мұнай өнімдері қосылмайды»,- деп хабарлады Варданян.

 

2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шарттың 25-бабының негізінде Одақ шеңберінде, Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялауды қолданбастан тауарларды еркін өткізу жүзеге асырылады. Бұл ретте мұндай ерекшеліктер қазіргі уақытта қалыптасып жатқан мұнай, газ және электр энергиясы нарықтарына тиесілі. Өздеріне қатысты ерекшеліктер болмайтын тауарлар кедендік декларациялаусыз өткізілуге тиіс.

 

Министр Комиссияның Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаментінің алаңында Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өтініші негізінде Одаққа мүше мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен консультациялар жүргізілгенін айтты. Іс-шаралар шеңберінде ЕАЭО СЭҚ ТН 27 және 29 топтарында сыныпталатын және Ресей Федерациясынан Беларусь Республикасына шығарылатын тауарларды кедендік декларациялау қажеттігімен байланысты мәселелер талқыланды.

 

Өткізілген консультациялардың қорытындысы бойынша Ресей Экономикалық даму министрлігі Федералдық кеден қызметімен бірлесіп нұсқаулық хат әзірледі, ол жалпы нарық шеңберінде мүше мемлекеттер арасында ЕАЭО СЭҚ ТН 27 және 29 топтарының тауарларын декларациялау туралы талаптардың күшін жояды. Нұсқаулық хат Ресейдің ФКҚ өңірлік кедендік басқармаларына жіберілді.

 

Гегам Варданян мәлімдегендей, өзара тауар айналымының өсуі ЕАЭО кеңістігіндегі тосқауылдарды жою жөніндегі негізгі міндеттердің бірі болып табылады.​