Жүйеге кіру
ЕАЭО-да өнеркәсіптік жабдықты техникалық қамту және жөндеу технологиялары бойынша жаңа Еуразиялық технологиялық платформа қалыптастырылды

ЕАЭО-да өнеркәсіптік жабдықты техникалық қамту және жөндеу технологиялары бойынша жаңа Еуразиялық технологиялық платформа қалыптастырылды

13.08.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесі жаңа «Өнеркәсіптік жабдықты техникалық қамтудың және жөндеудің технологиялары» Еуразиялық технологиялық платформасын (ЕТП) бекітті. ЕТП индустриялық әріптестік пен импорт алмастыруды дамыту, өндірісті техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту негізінде ескірген тораптар мен агрегаттардың реинжинирингі, серпілісті технологияларды ендіру сияқты міндеттерді шешетін болады.

ЕТП «Өнеркәсіптік технологиялар» технологиялық бағытына жатады және технологиялық проблемаларды шешуге әрі Одақ елдерінің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне техникалық қолдау көрсету жөніндегі тиісті мамандандырылған Еуразиялық сервис орталықтарын дамытуға ықпал ететін толық цикл платформасы болып табылады.

Платформа Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2 Шешіміне сәйкес қалыптастырылған Еуразиялық технологиялық платформалар тізбесінде 16-шы болады.

Комиссия Кеңесі ЕЭК Алқасына мүше мемлекеттермен бірлесіп Еуразиялық станок жасау
инжиниринг орталығының 20202024 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс-шараларының жоспарын дайындауды тапсырды.

«Жоспарда саланы дамытудың ортақ стратегиясын қалыптастыру, бірлесіп игеру үшін перспективалы нарықтарды және сындарлы технологиялардың тізбесін айқындаудан бастап,
аддитивті өндіріс сияқты нақты инновациялық шешімдер әзірлеумен аяқтай отырып, Одақ елдерінің бұдан арғы интеграциялық жұмысы үшін басымдықтар бейнеленген»,- деп атап өтті ЕЭК-тің Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин.

Комиссия ЕАЭО елдерімен
бірлесіп, жаңғырту үшін жауапты, неғұрлым перспективалы салалардың ақыл-ой орталықтарының бірі - Еуразиялық станок жасау орталығын құрды. Инжиниринг орталығы Одақ елдерінде шығарылатын станок жабдығының бірыңғай тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын, ЕАЭО елдері қандай құзыреттерге және өндірістік қуаттарға ие болып отырғанын айқындауға мүмкіндік беретін «бірыңғай терезе» болады.​