Жүйеге кіру
ЕЭК-ке Халықаралық көші-қон ұйымында байқаушы мәртебесін беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді

ЕЭК-ке Халықаралық көші-қон ұйымында байқаушы мәртебесін беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді

13.10.2016

12 қазанда Женевада (Швейцария) Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) бас директоры Уильям Лейси Свингпен кездесті.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық комиссияға Халықаралық көші-қон ұйымында байқаушы мәртебесін беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.  

Тараптар 2013 жылғы 12 сәуірде қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумда  белгіленген негіздер мен қағидаттарға негізделетін өзара іс-қимылдың өнімділігін атап айтты. ЕЭК министрі ХКҰ Комиссия осындай келісім жасасып отырған бірінші халықаралық ұйым екендігін баса айтты.

Көші-қон саласындағы ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері, Еуразиялық экономикалық одақтағы мемлекеттердің жұмыс жасауына әрі дамуына ықпал ететін көші-қон процестерін тиімді басқаруға арналған жағдайларды дамыту мақсатында одан әрі іс-қимыл жасау бағыттары талқыланды.

Анықтама

1951 жылы құрылған Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) көші-қон саласындағы үкіметаралық жетекші мекеме болып табылады. Ол үкіметтік, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста әрекет етіп келеді.

ХКҰ құрамына 146 мүше мемлекет кіреді, тағы 13 елдің байқаушы мәртебесі бар. Ұйым бөлімшелері 100-ден астам елде әрекет етеді. ХКҰ міндеті баршаның игілігі үшін көші-қон процестерін ізгілендіруге және ретке келтіруге жәрдемдесу. Осы міндетті шешу үшін ХКҰ үкіметтерге және мигранттарға қызметтер көрсетеді және консультациялар береді.