Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов: «Біздің елдеріміздің азаматтарына жартылай қылмыстық көлеңкелі схемаларды қолданбастан, заңға сәйкес жұмыс істеу тиімдірек және тыныштау болады»

ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов: «Біздің елдеріміздің азаматтарына жартылай қылмыстық көлеңкелі схемаларды қолданбастан, заңға сәйкес жұмыс істеу тиімдірек және тыныштау болады»

13.10.2016

12-13 қазанда Женевада (Швейцария) Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) сарапшыларының 6-шы жаһандық кездесуінде Еуразиялық экономикалық  комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде көші-қон саласындағы негізгі трендтер, Одаққа мүше мүше мемлекеттердің заңнамасындағы жаңашылдықтар, сондай-ақ сол саладағы халықаралық шарттарды әзірлеу бойынша Комиссия жүргізіп отырған жұмыс жайлы айтып берді.

Іс-шараға ХКҰ мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволарының көші-қон саласындағы негізгі халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

ХКҰ сарапшыларының кезекті Жаһандық кездесуінің тақырыбы «Көші-қон және орнықты дамудың мақсаты: көші-қон саласындағы мемлекетаралық консультативтік тетіктердің рөлі және өңірлік экономикалық ұйымдар» болды. Өз сөзінде  Тимур Сүлейменов ЕАЭО туралы шарт, Одақ елдерінің аумақтарында мүше мемлекеттер еңбекшілерінің құқықтық мәртебесін қағидатты түрде өзгерткенін баса айтты. Шартқа сәйкес, Одақ елдерінің азаматтары кез келген мүше мемлекетте қосымша рұқсаттар алмастан, тіпті еңбек шарты бойынша да, сонымен қатар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша да рұқсат алмастан жұмыс істеуге құқылы. Бұл шарттар еңбекшінің елде болу мерзімін де анықтап береді. Білімі туралы дипломдар қандайда бір рәсімдерді жүргізбестен танылатын болады. Еңбекшілер резиденттердің мөлшерлемелері бойынша салық төлейді, әлеуметтік сақтандыруға және медициналық көмек алуға құқылы, балаларын мектептерге және бала бақшаларға орналастыра алады.

«Осы барлық шаралар мүше мемлекеттер еңбекшілерінің өзара ағындарын ұлғайтуда көрініс тапты, – деді ЕЭК министрі. – Осылайша, мысалы, еңбекшілерді қабылдап отыратын негізгі ел болып отырған Ресейге, 2015 жылы жұмысқа орналасу мақсатымен Одақ елдерінің шамамен 520 мың азаматы, ал 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында – 730 мың адам келген».

Қазақстанда, Тимур Сүлейменовтің айтуынша, осыған ұқсас жағымды жағдай байқалып отыр. 2015 жылы елге Одақ елдерінен 16 мың азамат, ал 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана шамамен 10 мың адам келген.

«Қазір Одақ елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың жобасы әзірленуде, – деп хабарлады ЕЭК министрі. – Оған қол қойылған соң, біздің елдеріміздің азаматтары өздерінің еңбек еткен жылдары үшін, өздері еңбектенген мүше мемлекетінен зейнетақы алып тұратын болады. Оның үстіне, біз ЕАЭО елдері азаматтарының келу, кету, транзитпен өту тәртібі туралы келісімнің жобасымен жұмыс жасап жатырмыз. Құжаттың мақсаты – азаматтарымыздың өзара сапарларын рәсімдік тұрғыдан жеңілдету».

Тимур Сүлейменовтің пікірінше, Одақтың басқа мемлекеттерімен бірлесіп Комиссия жүргізіп отырған, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жағдайларды жақсарту жөніндегі жұмыс заңсыз еңбек көші-қоны деңгейін төмендетуде маңызды рөлге ие болады. Одақ елдері азаматтарына жартылай қылмыстық көлеңкелі схемаларды қолданбастан, заңға сәйкес жұмыс істеу тиімдірек және тыныштау болады.

Сөз соңында ЕЭК министрі, Еуразиялық экономикалық комиссия еңбек көші-қоны процестерін басқару тетіктерін жетілдірудегі тиімді әрі мақсатты әріптестік қалыптастыру жөніндегі көші-қон саласындағы негізгі халықаралық ұйымдардың күш-жігерін қолдайды, - деп атап айтты.

Женеваға барған сапарында Тимур Сүлейменов «Көші-қон саласында орнықты даму мақсаттарын имплементациялау прогресін өлшеу» атты семинарға да қатысты.

Анықтама

1951 жылы құрылған Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ), көші-қон саласындағы үкіметаралық жетекші мекеме болып табылады. Ол үкіметтік, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста әрекет етіп келеді.

ХКҰ құрамына 146 мүше мемлекет кіреді, тағы 13 ел байқаушы мәртебесіне ие. Ұйымның бөлімшелері 100-ден астам елде жұмыс істейді. ХКҰ міндеті – баршаның игілігі үшін көші-қон процестерін ізгілендіруге және ретте келтіруге қолдау жасау. Осы міндетті шешу үшін ХКҰ үкіметтерге және мигранттарға қызмет көрсетеді және консультациялар береді.