Жүйеге кіру
ЕЭК орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге арналған статистикалық жинақты таныстырды

ЕЭК орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге арналған статистикалық жинақты таныстырды

1.jpg
13.12.2019

12 желтоқсанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьевтің Одақ елдерінің ұлттық статистикалық қызметтерінің басшыларымен қорытынды жұмыс кездесуінде Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге арналған статистикалық жинақтың таныстырылымы болып өтті.

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық экономика статистикасы және деректер мен SDMX метадеректерін алмасу бойынша халықаралық стандартты қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар 2030 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы мақсаттарды көрсететін ЕАЭО статистикалық деректерін қалыптастыру және тарату мәселелерін талқылады. ЕЭК Статистика департаменті орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге арналған статистикалық жинақтың алғашқы шығарылымын таныстырды.

Жинақтың электрондық версиясын ЕЭК-тің ресми сайтынан көруге болады. ​