Жүйеге кіру
ЕЭК Кәсіпкерлікті дамыту бойынша Департаменттің өкілдері лайықты еңбек мәселелері бойынша халықаралық конференцияға қатысты

ЕЭК Кәсіпкерлікті дамыту бойынша Департаменттің өкілдері лайықты еңбек мәселелері бойынша халықаралық конференцияға қатысты

13.12.2012

11-12 желтоқсан күндері Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлікті дамыту бойынша Департамент директорының орынбасары Самат Әлиев лайықты еңбек мәселелері бойынша жоғарғы деңгейде өткізілетін Халықаралық конференцияға қатысты. Іс-шараны ХЕҰ қолдауымен РФ Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырды.

Конференцияға әлемнің 80 елінен келген мемлекеттік биліктің, кәсіподақтардың және жұмыс берушілердің бірлестіктерін қоса санағанда, 900-ден астам делегаттар қатысты.

Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері конференция барысында әлеуметтік-еңбек саласындағы халықаралық озық тәжірибелермен танысты.

«Еңбек нарығының жаһандануы жұмыс күшінің еркін ауысуы үшін соның ішінде Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің аумақтарында еркін орын ауыстыруы үшін азаматтарға өзара әлеуметтік кепілдіктер тарату жолымен ынталандырулар құруды талап етеді», - деп түсінік берді Самат Әлиев.

Өткізілген конференция әлемдік қаржы дағдарысының жұмыспен қамту, еңбек жағдайлары, ұлттық еңбек нарығы және экономикалық даму салаларына тигізетін жағымсыз әсерін жеңіп шығуға деген стратегиялық көзқарастарға назар аудартуға арналған болатын.